- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ-дағы USRN жазғы мектебі
04.06.2019Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттердің әлеуметтік жауапкершілігі желісі (USRN) аясында «Зерттеу, тәжірибе және білім беру әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік әділділік және алуан түрлілік» атты халықаралық жазғы мектеп өтті. Онда Гонконг политехникалық университеті, Саймон Фрейзер университеті (Канада), Преторий университеті (Оңтүстік Африка) және ҚазҰУ студенттері қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның аймақтық университеттерінің студенттері де оқуға мүмкіндік алды.
ҚазҰУ 2019 жылы Манчестер (Ұлыбритания), Пекин (ҚХР), Гонконг политехникалық т.б. университеттерді біріктіретін (USRN) университеттердің әлеуметтік жауапкершілік желісіне мүше болды.
Жазғы мектептің негізгі мақсаты – әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі әртүрлілік пен айырмашылықтарды күшейтумен байланысты білім мен дағдыларды қалыптастыруға жәрдемдесу, адам құқықтарын, әлеуметтік және экономикалық әділеттілікті ілгерілету, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік этикасын тарату және қоғамдағы зорлық-зомбылықты болдырмау. ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қорының қолдауымен жазғы мектеп қатысушыларына АҚШ, Ирландия және Қазақстан сарапшыларының дәрістері, семинарлары мен тренингтерін қамтитын бес күндік бағдарлама дайындады.
Мектептің ресми ашылуында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры, профессор Шолпан Жаманбалаева студенттерге жергілікті қоғамдастықтың қоғамдық өміріне белсене араласуы үшін университеттердің жағдай жасауының маңыздылығын атап өтті. Бұл оларға өз білімдерін, құндылықтарын, сенімдерін тәжірибеге жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы университеттер бір уақытта өз студенттерін табысты оқытып, үлкен қоғамдық мәселелерді шешуге көмектеседі.
ҚР Тұңғыш Президенті қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров жазғы мектептің барлық қатысушылары әлеуметтік жұмыс пен зерттеу саласында жаңа машықтарға ие болып, өз елдерінде қоғамдық мәселелерді шешуде алған білімдерін қолдануға шабыттанатынына сенім білдірді.
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Әбдірайымова өз сөзінде «әртүрлі және әлеуметтік әділеттілік барлық ашық қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынына сенеміз», – деп атап өтті.
Халықаралық жазғы мектеп қатысушылары Роберт Гиллиганның (Тринити-колледж, Ирландия), Жүнісбай Азаматтың (АҚШ Пиццер-колледжі), сондай-ақ Ұлжан Қазыбекова (ҚазҰУ) және Гүлнар Жакупова (Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы) сияқты ғалымдардың дәрістері мен шеберлік сағаттарын тыңдады.
Талқылау барысында осал жастармен әлеуметтік жұмыс, балалар мен отбасылық әлеуметтік жұмыста өмірдегі әртүрлі жағдайда көмек көрсету, жұмыс істейтін аналармен жұмыс істеу және баланы күту, әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі экологиялық үлгі және т.б. тақырыптар талқыланды.
Студенттер сессияларында шетелдік және қазақстандық университеттердің қатысушылары өздерінің әлеуметтік жобаларын таныстырды. Олардың арасында орта мектептер мен жергілікті қауымдастықтар үшін суға арналған пластик контейнерлер жасау арқылы ағынды суға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған «көгілдір тамшы» жобасы бар. «Байланған көз» жобасын студенттер қоғамдағы гендерлік, этникалық, нәсілдік және басқа да стереотиптерді бұзу арқылы әлеуметтік интеграцияға жәрдемдесу мақсатында әзірледі.
Сондай-ақ, кеңестік Орталық Азия шекарасын таңбалауға, зағип адамдарды күнделікті өмірге бейімдеу технологиясы, жоғары оқу орындарында жетім студенттердің әлеуметтік бейімделуі, тұрғын үйге қол жеткізудегі әлеуметтік әділеттілік, жетімдердің тәжірибелік қызметіндегі тәлімгерлік рөлі, ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік оңалту, студенттік еріктілікті дамыту сияқты жобалар да үлкен қызығушылық тудырды.
Жазғы мектепке қатысушылар түрлі әлеуметтік топтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша қалалық орталықтарда – «Аналар үйі» қоғамдық қоры мен Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты жанындағы «ARASHA» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының баспанасында болды. Мұнда студенттер қазақстандық әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік қызметтер кездесетін мәселелер мен сын-қатерлер туралы және оларды шешудің жаңашыл тәсілдері туралы білді.
Жазғы мектеп бағдарламасының бір бөлігінде «Айка» көркем фильмі көрсетілді. Кинода Ресейге табыс табу үшін Орталық Азиядан келген жас қыздың тағдыры туралы баяндайды, ол өзінің жаңа туған баласын перзентханада қалдыруға мәжбүр болды. Фильм көрсетілгеннен кейін студенттер үлкен қалалардың түрлі мәселелері мен сын-қатерлерін, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс технологиясын, еңбек мигранттарына және басқа да әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтердің қызметін талқылады.
Халықаралық жазғы мектептің ресми жабылуында қатысушылар мен спикерлерге сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Жазғы мектеп тек жақсы білім беру алаңына ғана емес, сонымен қатар жаңа кәсіби қарым-қатынас жасауға және ғылыми жобалар үшін идеялар жасауға көмектескенін атап өткен жөн. Студенттер мен оқытушылардың көпұлтты құрамы әлеуметтік мәселелер туралы түсінікті кеңейту және тереңдетуде жас зерттеушілердің пәнаралық кәсіби қоғамдастыққа бірігуі жақсы ортаны құрады.
Мектеп қатысушыларына қала бойынша турлар да оң әсер қалдырды, оның барысында олар қазақ халқының бай мәдени-тарихи мұрасы мен жергілікті қоғамдастықта әралуандықты, бейбітшілікті, келісімді және достықты нығайтатын тәжірибелерді бейнелейтін Алматының негізгі көрікті жерлерімен танысты.