Жаңалықтар

Х Халықаралық Бірімжанов съезі

24.10.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химиялық технология бойынша Х Халықаралық Бірімжанов съезін өткізді. Съезд аясындағы іс-шаралар әл-Фараби атындағы ғылыми кітапханада және факультеттің "Малахит" залында өтті.

Съезд жұмысына Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден 200-ден астам ғалым қатысты, пленарлық және секциялық отырыстарына 120-дан астам ғылыми баяндама ұсынылды. Съезге қатысушылардың баяндама тақырыптары химия ғылымының бейорганикалық заттар мен материалдардың химиясы және технологиясы, органикалық заттар мен материалдардың химиясы және технологиясы, химиялық материалтану, наноматериалдар, жану процестері және т.б. бағыттарына арналған.

Пленарлық отырыс шеңберінде «Ғылым мен өндірісті интеграциялау жолдары» тақырыбында дөңгелек стол жұмысы ұйымдастырылды. Кәсіпорын басшыларының жоғары оқу орны өкілдерімен өзара тығыз диалогында Қазақстанның химия индустриясы мен тау-кен металлургия кешені алдында тұрған негізгі технологиялық проблемалар мен міндеттер талқыланды, сондай-ақ оларды шешудің мүмкін жолдары қарастырылып ұсынылды.

www.kaznu.kz