- Негізгі бет
- Жаңалықтар
POSCO шәкіртақысы
25.10.2019POSCO TJ Park Foundation қорының бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың он студенті «Азия елдеріндегі үздік студенттерге шәкіртақы» иегері атанды. Ол жыл сайын Азияның 10 еліндегі 12 университеттің үздік студенттеріне тағайындалады.
Марапаттау рәсімі әл-Фараби атындағы кітапханада ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхаметқали Бүркітбаев пен халықаралық POSCO корпорациясының бас директоры, Алматы кеңсесінің бас директоры Чжон Чже Бонг мырзаның қатысуымен өтті.
Жаңа оқу жылында журналистика, заң, халықаралық қатынастар және экономика және бизнес жоғары мектебінің он студенті оқуда үздік көрсеткіштермен көзге түсті.
Алматы кеңсесінің бас директоры Чжон Чже Бонг жеңімпаздарға сертификаттар бере отырып, «компания үлкен биіктерге жетуге ұмтылатын талантты жастарды үнемі қолдауға ниетті. Жоғары білім ала отырып, олар тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға да атсалысады», – деп атап кетті
Бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев ҚазҰУ бүгінде Оңтүстік Кореи елінің 45 жетекші ЖОО-мен көп жылдар бойы жемісті қызмет етіп келе жатқанын тілге тиек етті. Студенттер мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалары жүзеге асырылуда, ғылыми және білім беру қызметінде белсенді тәжірибе алмасу және түрлі жобалар шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізілуде. Осы жылы Оңтүстік Кореяның жиырма екі студенті ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар, шығыстану және жоғары оқу орнына дейінгі факультеттерде білім алуда.
Өз кезегінде стипендиаттар барлық студенттер атынан көрсетілген қаржылай қолдау үшін ПОСК өкілдеріне алғыстарын білдіріп, болашақта қоғамның өрлей түсуіне атсалысатынын жеткізіп, Posco-бұл Азия аймағының әлеуетін ашқан алғашқы өнеркәсіптік корпорациялардың бірі екенін атап өтті.
«Азия елдерінде барлық талантты адамдардың жоғары білім алуға мүмкіндігі жоқ екені құпия емес. Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін, негізінен бұл оқу бағасы. Бірақ компанияның негізін қалаушы Пак Тхэ Джунның Қоры жүзеге асырып отырған көмегінің арқасында өз ісінің нағыз маманы болу мүмкін. Мен үшін Posco Asia Fellowship бағдарламасы тек қаржылық көмек қана емес, мейірімділік және шыңға көтерілу барысында созылған қол деп қабылдаймын. Осы компания жастар ертеңгі көшбасшы болатынына сенім білдіруі, мен үшін үлкен жауапкершілік. Қазір маған көмек көрсетілсе, ертеңгі күні мен де мұқтаж адамдарға қол созуға мүмкіндігім бар екендігін түсінемін. Неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсылығы мол болады. Осылай бірлесе отырып бақытты болашаққа қадам басамыз», – деді байқау жеңімпазы, ҚазҰУ журналистика факультетінің үшінші курс студенті Әсем Өмірзақова.