Жаңалықтар

Ең мықтылар жеңді

28-қар-19

Механика кафедрасының студенті Абилханов Ислам бокстан факультетаралық біріншілікте 1-орынды жеңіп алды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған факультет аралық біріншілік өтті. Yш күнге созылған біріншілікке ҚазҰУ механика-математика факультетінің студенттері де қатысты. 80 кг салмақ дәрежесінде механика-математика факультеті механика кафедрасының 1-курс студенті Абилханов Ислам 1 - орынды жеңіп алды. Жаттықтырушысы - Жумашев Дархан Стаханович.

Айта кету керек, бұл чемпионатты 2019 жылдың 21-23 қараша аралығында университетіміздің дене шынықтыру және спорт кафедрасы ұйымдастырған болатын.

Құттықтаймыз!

www.kaznu.kz