Жаңалықтар

Сандық даналық

23.01.2020

«ҚР БҒМ шетел ғалымдары мен мамандарын шақыру» бағдарламасы аясында біздің университетке дәріс оқу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін Ювяскюля бизнес-мектебінің профессоры (Финляндия) Айжаз Шейх (Aijaz Shaikh) келді.

Профессор Айжаз Шейх цифрлық маркетинг саласындағы ғалым болып табылады, оның ғылыми қызығушылықтары цифрлық технологияларды, мобильді қосымшаларды қолдануды, цифрлық маркетинг бойынша материалдарды қамтиды. Ол жоғары импакт-факторы бар мақалаларды қоса алғанда, Scopus деректер базасында 24 жарияланымның, 30-дан астам ғылыми еңбектердің авторы (h-индексі: 9).

Айжаз Шейх Экономика және бизнес жоғары мектебі докторанттарының шетелдік жетекшісі болып табылады. А. Шейхтің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары барысында бірлескен жарияланымдар жоспарын, ғылыми жобалар мен оқу-әдістемелік материалдар бойынша бірлескен жұмыстар жоспарларын талқылау жоспарлануда.

Профессор А. Шейхтің 2020 жылдың 13 қаңтары мен 18 қаңтары аралығындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі педагогикалық қызметі «Жоғары импакт-факторлы журналдарда мақалаларды жазу және жариялау» («Scientific writing», «Academic Writing», «Scientific Methodology») тақырыбы бойынша дәрістер оқудан және семинар сабақтарын өткізуден, сондай-ақ PhD докторанттарға жоғары импакт-факторлы журналдарға мақалаларды жазу және жіберу бойынша кеңес беру сипатындағы бірқатар дәрістерден тұрады.

www.kaznu.kz