12 сәуірде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жариялаған сәтінен бастап үш жыл толады. Осы уақыт ішінде бағдарлама жаңа идеологиялық тұғырнаманың негізіне айналып, қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларын модернизациялаудың қуатты механизмі іске қосылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының түпнегізі ұлт санасын алға жылжуға кедергі келтіретін барлық тосқауылдан азат ету және озық, прогрессивті, әрі ескінің сарқыншақтарынан ада қоғамдық сананы қалыптастырумен байланысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мыңдаған ұжымы осы тарихи үдеріске атсалысып, оны жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Университеттің көп қырлы қызметі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталып, ғалымдардың, оқытушылар мен студенттердің жобалары мен бастамаларында көрініс табуда. Онымен келесі сілтемеден толығырақ танысуға болады: ҚазҰУ-рухани жаңғыру https://www.kaznu.kz/Content/kaznu/files/%D0%91%D1%83%D0%BA%D0%BB%D0%B5%D1%82_%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B0_kz.pdf