- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Әскери кафедра - online
24.04.2020Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша карантин кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында студенттермен қашықтықтан сабақ сәтті өткізілуде. Қашықтықтан оқыту студенттер мен оқытушылардың ынтасы мен дербестігін белсендіруде.
Оқу үрдісінде онлайн және офлайн оқыту формаларын енгізу және пайдалану бойынша жұмыстар әскери кафедрада жүйелі түрде жүргізіледі және бірінші кезекте болашақ Отан қорғаушыларын сапалы даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған. Әскери кафедра бастығы запастағы полковник О.В. Ажимов «Карантиндік іс-шаралар кезінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы студенттерді оқыту тәртібі туралы» нұсқауды бекітті. Студенттермен үнемі байланыста болу мақсатында әрбір оқу взводында электрондық пошталар ашылып, чаттар мен скайп-топтар құрылды.
Әскери даярлық бойынша практикалық сабақтардың жекелеген түрлерін, мысалы үшін саптық дайындықты, объективті түрде қашықтықтан өткізу мүмкін емес, алайда айрықша жағдай бірегей шешімдерді қажет етеді.
Оқу үрдісінде әскери кафедра оқытушылары әзірлеген және университет сайтында қол жетімді электрондық оқулықтар жиі қолданылады. Оларға тек теориялық материалдар ғана емес, сонымен қатар, оқытылатын тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, сауалнамалар мен бейнефайлдар енгізілген. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс циклінің оқытушылары жауынгерлік ЗСУ-23-4 «Шилка» машинасының құрылғысын практикалық зерттеуге арналған симулятор-бағдарламасын әзірлеп пайдалануда.
Барлау және мотоатқыштар әскерлерінің циклінде тактикалық және атыс дайындығы бойынша сабақтарда анимациядық бейнематериалдар қолданылады. Тыңдаушылар интерактивтік стоп-кадр көрсетілімі арқылы әр түрлі оқу тапсырмаларын іс жүзінде пысықтап, сондай-ақ ұрыстағы жағдайларды онлайн-үлгілеу де жүргізе алады.
Тәрбиешілер мен әскери журналистердің болашақ офицерлерін интерактивті режимде оқыту кезінде пікірталастар, дөңгелек үстелдер, онлайн-конференциялар және оқылатын тақырыптар бойынша талқылаулар өткізілуде. Бұл әрбір студенттің оқу материалдарын меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.