Жаңалықтар

Сапалы білімге басымдылық

04.05.2020

Кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысында талқыланды. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, ҚР ЖОО және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Кездесуге ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры А.Хикметов модераторлық етті.

Отырысқа қатысушылар еліміздің жетекші ЖОО-да білім беру бағдарламаларының қалай әзірленетінін, кәсіптік стандарттар негізінде контентті жаңарту барысында қандай қиындықтар туындайтынын естуге және көруге бірегей мүмкіндік алды.

Отырысты ашқан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Б.М.Нарбекова жаңа форматтағы ОӘБ қызметінің басты трендтерін айқындады. Жаңартылған білім беру бағдарламаларын ұлттық тізілімге енгізу алгоритмі туралы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары Г.С.Жарасова баяндады.

Онлайн-отырыста әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жұмыс тәжірибесі ұсынылды. ЖОО түлектерінің дайындық бағыттарының, білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі негізгі бағдарлар мен тәсілдер бойынша құзыреттілік моделі туралы әдістемелік жұмыс қызметінің жетекшісі Г.Т.Жакупова айтып берді. Механика кафедрасының меңгерушісі З.Б. Ракишева және Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығының Ионосфера институтының орбиталық және жерүсті ғарыш жүйелерінің сенімділігі мен қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі В.Ф.Грищенко «Механика» және «Ғарыштық техника мен технологиялар» білім беру бағдарламаларын бірлесіп жасау тәжірибесімен таныстырды.

Сонымен қатар онлайн-отырыс барысында гидрология және метеорология бойынша кәсіби стандартты әзірлеу қажеттілігі туралы айтылып, білім беру бағдарламаларына қатысты көптеген басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар кәсіби стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын жаңарту барысында жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейге көтерілді деген қорытындыға келді. «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы Д.Жұматаев, сондай-ақ кәсіби стандарттарды әзірлеушілер – «Өркен медиа» ЖШС, «Агроөндірістік қауымдастықтар кешені», «HR-менеджерлер қауымдастығы», «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағы», Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары одағы сияқты ұйымдардың өкілдері жаңа бағдарламаларға қатысты пкірлерімен бөлісті.

www.kaznu.kz