Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы және «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің редакциясы бірлесіп болашақ әскери журналистерге арналған онлайн сабақтар өткізуде.
Осылайша, бейне конференция форматында кафедра тыңдаушыларымен газеттің шығармашылық директоры Тимур Кубеков кездесті. Ол студенттерге Қазақстанның әскери баспасөзінің тарихы, «Сарбаз» әскери-патриоттық басылымының қалыптасуы мен даму перспективалары және қазіргі әскери баспасөздің даму ерекшеліктері туралы айтып берді.
Онлайн сабақ болашақ әскери журналистер үшін нағыз шеберлік сыныбына айналды. Басылымдардың тақырыптарын таңдау, таңдалған тақырыптардың өзектілігі, ақпараттың сенімділігі мен расталуы, журналистің жауапкершілігі қарастырылды. Онлайн жиналысқа қатысушыларды заманауи ақпараттық кеңістіктегі интернет-ресурстардың рөлі мен маңызына қатысты мәселелер қызықтырды.
ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы «Сарбаз» газетінің редакциясымен тығыз байланыста екенін атап өткен жөн. 2017 жылдың қыркүйегінде әскери кафедраның бастығы полковник О.В.Ажимов пен «Сарбаз» газетінің бас редакторы Б.С.Қуатбек ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, әскери кафедрада болашақ әскери журналистерді сапалы даярлауға атсалысатын газеттің корреспонденттік бөлімі ашылды.
www.kaznu.kz