Жаңалықтар

Әл-Фараби мұрасы

8-мам-20

2020 жылдың 14 мамырында Әл-Фараби Орталығы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы» атты халықаралық онлайн конференция өткізеді.

Онлайн-шараға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің белгілі фарабитанушы ғалымдары қатысады. Олар қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндері контекстінде Әл-Фарабидің зияткерлік мұрасын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ, Әл-Фарабидің трактаттары, философиялық мәтінді аудару және мәдениетаралық коммуникация, қазіргі қоғамда «Екінші ұстаз» шығармаларына түсінік беру және қазіргі қазақстандық фарабитанудың өзекті мәселелері қарастырылады.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 13 мамырына дейін al-farabi@kaznu.kz электрондық поштаға арнайы формадағы өтінімді толтырып, баяндаманың мәтінін жіберу қажет.

Ескерту: Конференция ZOOM платформасында өтеді.

Идентификаторы: 401 818 0037

 

Қатысу шарттары.pdf