Жаңалықтар

Пандемия жағдайындағы құқық

25.05.2020

ҚазҰУ-да «Пандемия кезеңіндегі заң және адам құқықтары» атты халықаралық онлайн-конференция өтті.

Іс-шараны Еуропалық адвокаттар Қауымдастығы, халықаралық заңгерлер комиссиясы, құқықтық саясатты зерттеу орталығы және «De Facto» заң фирмасының қолдауымен адам құқықтарын қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Түркия, Беларусь, Испания, Франция, Германия, Украина, Швейцария, Польша, Литва, Грузия сияқты әлемнің 17 елінен 300-ден астам қатысушы мен спикер жиналды.

Онлайн конференция бағдарламасы төрт сессиядан тұрды. Бірінші сессияның барысында спикерлер заңгерлердің қашықтан жұмыс істеуі, қашықтықтан заңгерлік білім беру және біліктілікті арттыру жаңа форматтары мен мүмкіндіктерін талқылады. Екінші сессия карантин және төтенше жағдай кезінде адам құқықтарын іске асыру мәселелеріне арналды. Пандемия жағдайында түрлі елдерде сот төрелігін жүзеге асыру ерекшеліктеріне арналған сауалдар үшінші сессияда талқыланса, төртіншісінде кезеңде-төтенше жағдайдың түрлі міндеттерді орындауға әсері мен заңды салдары тақырыптары қаралды. Адвокаттар мен заңгерлер туындаған сауалдарды шешудің тәжірибесімен бөлісті.

Бұл халықаралық іс-шара ҚазҰУ жанынан жуырда құрылған адам құқықтарын қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты алғаш ұйымдастырды. Институт қызметінің негізгі мақсаттары: адам құқықтарын және заң кәсібінің тәуелсіздігін дамыту және қорғау; заң реформаларына жәрдемдесу; адам құқықтарын қорғау ісінде заңгерлердің әлеуетін арттыру; азаматтардың әділ сот төрелігіне сұранымын дамыту; сот төрелігінің сапасын жақсарту және сот жүйесіне деген сенімді арттыру болып табылады.