Жаңалықтар

ҚазҰУ ректоры түрік журналына сұхбат берді

25-мау-20

«Yerli düşünce» («Ерли Душунже) танымал түрік журналы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановпен жасаған сұхбатын жариялады. Материалда әлемдік рейтингте табысты алға жылжып келе жатқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының тарихы мен жетістіктері туралы толық ақпарат берілген.

Спикер ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы, оның ғылыми және инновациялық әлеуеті және цифрландырылуы туралы әңгімелейді, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне, оның ішінде Түркия университеттерімен серіктестікке назар аударады. ҚазҰУ ректоры биыл ЮНЕСКО қамқорлығымен халықаралық деңгейде 1150 жылдығы атап өтілетін адамзаттың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің жеке тұлғасы мен шығармашылық мұрасына ерекше назар аударды.

«Yerli düşünce» журналы 2014 жылдан бастап Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен шығарыла бастады.

Yerli düşünce.pdf

www.kaznu.kz