Жаңалықтар

Каратин кезіндегі көмек

28.08.2020

Биылғы жыл адамзаттың әлемді қабылдауы мен оған деген көзқарасын көп өзгертті

Бұл карантин өмірдің барлық салаларына түзетулер енгізіпбіз басқаша жұмыс істеп

оқыпспортпен айналысу мен демалу түрін де өзгерттік

Бірінші сыныпқа бірінші рет! Барлық балалар 1-қыркүйекте – балалық шақ пен мектеп өмірі арасындағы шекараны өткізетін күндерді күтеді. Бірінші күзгі күннің басты атрибуты - жаңа портфель. Төрт жыл бұрын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы университет әкімшілігінің қолдауымен бірінші сыныпқа баратын балаларға сөмкелер мен оқу құралдарын алып беруді шешкен болатын. Университет қызметкерлері, ата-аналар бұл идеяға ықылас білдірді. Осылайша, бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге сөмке тарату дәстүрге айналды. Биылғы жылы да кәсіподақ дәстүрді жалғастыру қажет деп шешті. Себебі, 1­­-қыркүйек ата – аналар үшін бұл қуанышты толқу ғана емес, сонымен қатар үлкен қиындықтар мен қаржылық шығындар. Баланы мектепке дайындау отбасылық бюджетке айтарлықтай салмақ салады. Кәсіподақ комитетінің сөмкелері бұл ата-аналар үшін жақсы әлеуметтік көмек. Биыл 230 бірінші сынып оқушысы «Кәсіподақ» сөмкелерімен мектепке барады. Әрине, кәсіподақ активі болашақ оқушылар мен олардың ата-аналары үшін университет басшылығы ректораттың мәжіліс залын ұсынып, бүлдіршіндерге сөмкелерін тапсыру көңілді әрі әсерлі өткен жылдарды естен шығармайды. Карантин жағдайында сөмкелерді кәсіподақ ұйымдастырушылары барлық сақтық шараларын ескере отырып, оларды ертеңгі мектеп оқушыларының ата-аналарына тарату етті. 2020 жылғы шарадан дәстүрлі жалпы фотосуреттер яғни, бүлдіршіндердің отбасымен түскен суреттері болмайды. Бүгін біз балаларды тек ризашылық білдірген ата-аналар жіберетін фотосуреттер мен бейнежазбалардан ғана көре аламыз. Солардың бірі физика-техникалық факультетінің оқытушысы С. Т. Ермағанбетованың қызы Маржан өз сөмкесінің ішіндегі дәптер, қалам-қарындаш, пенал, акварельді бояулар, түрлі-түсті қағаз және сурет салуға арналған альбомдарын қуана қарап, алғыс білдірді.

«Парасат» кәсіподағы жобасының әлеуметтік маңыздылығын бірінші сынып оқушысының әкесі Бахтияр Оразұлы атап өтті. «Осы қиын – қыстау кезеңде» «Парасат» кәсіподағы өз мүшелерінің әрқайсысы туралы ойлайтыны керемет», - деп атап өтті Бақтияр Оразұлы.

Журналистика факультетінің маманы Перенова Күләш ҚазҰУ басшылығы мен кәсіподаққа балаларға қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдірді. «Қызына сөмке пен оның ішкі мазмұны қатты ұнады. Ол енді тек бестік бағаға оқитынын айтты». Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары арасында кәсіподақ комитетінің белсенділері де бар. Биыл мектепке тарих, археология және этнология факультетінің кәсіподақ комитетінің мүшесі Т. Н.Мұқажанованың қызы және медицина және денсаулық сақтау факультетінен М. Қожабергенованың ұлы барады. Аналар кәсіподаққа және университет әкімшілігіне шын жүректен алғыс білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев кәсіподақтың «Бірінші сынып оқушысына сөмке жинау» бастамасы университеттің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігіне айналғанын атап өтті. Бұл біздің қызметкерлерімізге балаларды мектепке дайындап қана қоймай, сонымен қатар осындай қиын-қыстау кезеңде де біз бәріміз, лауазымына қарамастан, бір ұжымның мүшесі екенімізді сезінуге көмектеседі. Көп балалы отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағы университет ректоры академик Ғ.М. Мұтановтың бастамасымен және университет әкімшілігінің қолдауымен бұл акцияны төртінші рет өткізіп, әлеуметтік әріптестікті іс-әрекетте көрнекі түрде көрсетеді. Біз келесі оқу жылында әрбір бірінші сынып оқушысына жеке-жеке сөмке тапсыра аламыз деп сенеміз.

www.kaznu.kz