Жаңалықтар

Курсанттардың әскери оқу жиыны

25-там-20

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес шілде-тамыз айларында толық оқу курсынан өткен студенттермен оқу жиындары өткізілді. Коронавирус пандемиясына байланысты жиын онлайн режимде өткізілуде.

Биыл оқу жиынына ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша оқитын студенттер тартылуда. Олар: құрлық ӘШҚҚ әскерлерінің офицерлері, мотоатқыштар бөлімшелерінің командирлері, тәрбие құрылымдарының офицерлері, әскери психологтар, әскери журналистер және дене шынықтыру дайындығы мен спортты ұйымдастыру жөніндегі офицерлер. Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әскери кафедра бастығы полковник О.В. Ажимов бекіткен «Қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар өткізу туралы» нұсқаулыққа сәйкес сабақтар онлайн форматта өткізілді.

Карантин жеңілдеген соң, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, тамыздың екінші жартысында Құрлық әскерлері әскери институтының полигонында әскери кафедра курсанттары атыс қаруынан атысудың оқу-жаттығу шараларына қатысты. Құрлық әскерлерінің ӘШҚҚ әскерлері үшін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын курсанттар «ЗУ-23» зениттік қондырғысынан жауынгерлік атыстарды орындады. Сондай-ақ осы кезеңде техникалық, саптық және арнайы дайындық бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Онлайн форматтағы оқу жиындарында әскери-патриоттық және мәдени-демалыс іс-шараларының үлкен бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл әскери-техникалық викториналар, дебаттар мен турнирлер, тақырыптық кештер, психологиялық тренингтер. Барлық оқу взводтарымен бейнеконференция режимінде «Менің позициям!» атты пікірсайыс өтті. Сонымен қатар, әскери кафедра оқытушылары әскери тарих жайында онлайн әңгімелер, әскери-патриоттық бағыттағы кинофильмдер мен кітаптарды талқылады.

Әр оқу бөлімшесі онлайн форматтарда «Әскери іске үйренеміз!» атты жауынгерлік парақшалар, фотогазеттер, бейнероликтер шығарды.

Курсанттар әскери істің жақсы білімі мен дағдыларын көрсете отырып, дайындықтың теориялық және тәжірибелік бөлігін сәтті игеріп қана қоймай, өздік дайындықта және кафедра өткізген іс-шараларда белсенділік танытты.

www.kaznu.kz