Жаңалықтар

Қазақстанның жел ресурстары

02.10.2020

Yш университеттің халықаралық ынтымақтастығы аясында Берлин жоғары техника мектебі, Қарағанды техникалық университеті өкілдерінің қатысуымен және ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен ZOOM алаңында онлайн-кездесу өтті.

Кездесу аясында Берлин жоғары техника мектебінің түлегі Катерина Готтвальдтың «ГАЖ-талдау негізінде Қазақстандағы жел энергетикасының әлеуеті» тақырыбындағы баяндамасы ұсынылды. Баяндамада 2005 жылдан бастап Қазақстанның жел ресурстарын зерттеудің бүгінгі күндегі өзекті нәтижелері ұсынылды, олар Қазақстан аумағында және онымен көршілес мемлекеттердің шекара маңы аймақтарында орналасқан жел станцияларының деректерін, сондай-ақ ашық қолжетімділіктегі метеорологиялық деректерді талдауға негізделген.

Кездесу соңында жұмыс нәтижелері Қазақстандағы жел энергетикасын дамыту бойынша докторанттардың одан әрі ғылыми зерттеулеріне негіз болсын деген шешім ұсынылды, бұл метеорология және геоинформатика салаларында пәнаралық байланыстарды дамытуға көмектеседі. Осы саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту DAAD академиялық алмасуларының Германиялық қызметінің қолдауымен өтеді.

www.kaznu.kz