Жаңалықтар

Әл-Фараби туралы деректі фильм

8-қаз-20

«Рухани жағыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби халықаралық серіктестерімен бірге әл-Фараби туралы отандық және шетелдік телеарналардан көрсетілген бірқатар деректі фильмдер түсірді.

Түркия мен Голландияның деректі фильмдер режиссерлерімен және ғалымдарымен бірге «Әл-Фараби - екінші ұстаз» деректі фильмі түсірілді. Фильм Walkers Productions киностудиясында голланд тілінде түсіріліп, Еуропада көрсетілді. ҚазҰУ-дың телерадиокешені фильмнің дубляжын жасады және оның премьерасы Қазақстандағы ҚазҰУ-да екінші Фараби оқуларында өтті. Кейін фильм Қазақстанның ұлттық телеарналарында қазақ тілінде көрсетілді.

Сондай-ақ, ҚазҰУ Түркиядағы Өркениеттер Альянсының өкілдігімен бірге 2016 жылы Бакуде (Әзірбайжан) өткен халықаралық симпозиумда таныстырылған «Әл-Фараби - өркениеттің философы» атты тарихи деректі фильмін шығарды.

ҚазҰУ-дың қатысуымен өткен келесі ірі халықаралық жоба «Әл-Фараби - өркениет ойшылы» деректі фильмі болды. Үш бөлімнен тұратын картина «Medar» (Түркия) Халықаралық мәдени зерттеулер орталығымен бірлесіп түсірілген. Мұнда Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің өмірінен алынған құнды тарихи мәліметтер мен фактілер алғаш рет келтірілген. Фильмнің қазақ тіліндегі премьералық көрсетілімі 2019 жылы Алматыда Түркі әлемі деректі фильмдер фестивалінің қазақ бағдарламасы аясында өтті.

2020 жылы ЮНЕСКО-ның демеушілігімен атап өтілетін Шығыстың ұлы ойшылының туғанына 1150 жыл толуына орай ҚазҰУ әл-Фараби туралы тағы бір киножоба - «Ұстаздың оралуы» бойынша жұмыс жасауда. Оған қазақстандық киногерлер қатысады. Дамаскіге барған кезде түсірілім тобы Сирияның ұлттық кітапханасында әл-Фараби трактаттарының қолжазбаларын зерттеуге мүмкіндік алды. Фильм Қазақстанда, Түркияда, Египетте, Сирияда және түркі әлемінің ұлы перзенті өмір сүрген және жұмыс жасаған басқа елдерде де түсірілген. Оның ұлттық арналардағы тұсаукесері 2020 жылдың соңында болады.