Жаңалықтар

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері

5-қаз-20

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен "Білім беру саласындағы сыбайлас - жемқорлықтың алдын - алу механизмдері тақырыбында Қазақстан Республикасы сыбайлас - жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің "Саналы ұрпақ" кеңесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлының қатысуымен танымға толы онлайн вебинар өтті.

Кездесуге 80 - нен астам студент жастар қатысып, өздерін мазалап жүрген қазіргі кезеңде кездесетін сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту, негізгі принциптерін айқындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрлерін және жоғары оқу орнында кездесетін сыбайлас - жемқорлыққа байланысты сауалдарына жауап ала алды.

Вебинар конструктивті пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар сыбайлас - жемқорлық бағытында ашық диалог жүргізіп, нәтижелі пікір алмасты.

www.kaznu.kz