Жаңалықтар

Бірінші курс таланттары

4-қар-20

ҚазҰУ-да дәстүрлі түрде жыл сайынғы «Бірінші курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы ерекше өтті. Шара онлайн форматында ұйымдастырылып – жастар бойындағы жастық жалын-жігерді танытып, өнер дарындары мен жұлдыздарды ашып жарқыратты!

Биылғы жылы пандемияға байланысты бұл байқау онлайн режимде өткізіліп отыр. Соған қарамастан, өнер мерекесіне қатысуға университет студенттерінің аса зор ықылас танытып, белсенділік көрсетуі аса қуантарлық жағдай.

Биылғы жылы «Бірінші курс таланттары» байқауына бір мыңнан аса өнерлі жастар қатысты. Олар дәстүрлі, эстрадалық және гитарамен ән айту, домбыра, қобыз, пионинода және басқа да аспаптарда ойнау, жас ақындар, ұлттық, классикалық, заманауи би, актерлік шеберлігі номинациясы бойынша бақтарын сынады.

Байқау нәтижесі боынша жұлдызы жанған жастар, тек шынайы талант, шын дарындар орындарымен марапатталды, олардың өнерін көпшілік кеңінен тамашалауы үшін университеттің инстаграм желісіндегі бас парақшасында жарияланып отырды. Байқауды көрерменін әсем әнмен тербеп, күмбірлеген күйге бөлеп, мың бұралған биіне тәнті етер өнерпаздардың жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын баптайтын өнер мерекесі ретінде бағалауға болады.

Қашанда, «Өнер мен білім – егіз ұғым!». Білім біліктілікті дамытып, азаматтық тұлға қалыптастырса, өнер адам рухын асқақтатып, биіктерге қанат қақтырады. Жастарға өнер биігіне қаққан қанаттарының ешқашан талмауын тілейміз. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

www.kaznu.kz

Байқау жеңімпаздары.docx