Жаңалықтар

Лидерлік дәріс

30-қаз-20

ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Лидерлік дәріс» өткізді.

«Лидерлік дәріс» сериясы ең алдымен араб тілі оқытушыларына, докторанттарға арналды. Дәрістер сериясы «Әл-Фарабидің тілдік және логикалық философиясының жаңа қырлары» атты вебинар-дәріспен жалғасып, онлайн форматта ұйымдастырылды. Дәрісті Египет Араб Республикасының араб тілі бағдарламаларының әдістемелері бойынша шақырылған маман, профессор Махмуд Абулхафиз Халафалла оқыды. Шараға Мысыр, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да алыс шетелдердің ғалымдары қатысты.

Дәрістен кейін ұлы ойшылдың философиялық тұжырымдамалары талқыланды, оған алыс және жақын шетел тыңдаушылары белсенді қатысты. Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, көптеген көкейкесті сауалдарға жауап алынды.

www.kaznu.kz