Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде өткен түркі-моңғол әлемінің этносаяси процестері бойынша сараптамалық сессияға қатысты.
«Үлкен Алтайдың» түркі-моңғол әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен сан алуандық» жобасын іске асыру шеңберінде Алтай мемлекеттік университетінде «Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлеміндегі саяси-құқықтық жүйелер мен этносаяси процестерге тарихи ретроспективада және қазіргі кезеңде кешенді талдау» сараптамалық-талдау сессиясы өтті.
Сессияға ірі ғылыми және білім беру орталықтарының жетекші мамандары: құқықтанушылар, құқық тарихшылары мен түркітанушылар қатысты. Сараптамалық сессияның қатысушылары түркі және моңғол халықтарын зерттеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, «Үлкен Алтай» аясындағы бірлескен ғылыми және білім беру жобалары бойынша құнды ұсыныстарын айтты.
Заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының меңгерушісі Үсейінова Гульнара барымта институтының қазақтардың дәстүрлі қоғамындағы рөлін қарастырды.
Заң ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің (ҚазҰАУ), профессоры Аюпова Зауре көшпелі өркениет заңдарының жинағы ретінде Жеті жарғыға талдау жасады.
www.kaznu.kz