Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері - парасатты қоғам үшін!

11.11.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдерімен студенттер мен оқытушылардың онлайн-кездесуі өтті. Парасаттылық қағидаттарын талқылауға және жастарды теріс пиғылды практикаға төзбеушілік рухында тәрбиелеуге арналған кездесу Zoom, Jynalis room платформаларында және «AlFarabiTV» YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Қонақтарды қарсы ала отырып, ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Жаманбалаева еліміздің стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Онлайн-кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының кеңесшісі, Агенттік жанындағы республикалық ақпараттық-ағарту штабының төрайымы Ырза Тұрсынзадақызы, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев, «Алматы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков және ҚазҰУ-дың 500-ден астам студенті қатысты.

Ырза Тұрсынзадақызы ҚазҰУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін жоғары бағалады және студенттерге арнаған жолдауында болашақ жастардың қолында және оларға үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. «Біз сіздерге тәуелсіздігімізді, болашағымызды және біздің туымыз – Ұлы дала бостандығының символын тапсырып сенеміз. Мағжан Жұмабаев айтқанындай, мен де өз тарапымнан: «Мен жастарымызға сенемін!». Иә, біздің ел бай – Менделеевтің бүкіл кестесі жер қойнауында жатыр, бірақ біздің ең басты байлығымыз – жастар. Сіз – біздің әділдігіміз, тазалығымыз, жаңа идеяларымыз және болашағымыз! Біз сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдыққа бірге қарсы тұра аламыз. Бірлесе отырып, біздің ортақ бақытты ертеңімізді құрайық», - деп атап өтті Ы. Тұрсынзадақызы.

Іс-шара барысында қатысушылар ұсыныстармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қызметінің оң тәжірибесімен алмасты. Қонақтар Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында баламасы жоқ университеттің Жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен танысты.

Олар сондай-ақ «Саналы ұрпақ» республикалық жобалау офисімен бірлесіп, парасаттылық қағидаттарын ілгерілету жөніндегі негізгі зияткерлік-талдау орталығы болып табылатын ел жастарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын қалыптастыру жөніндегі ғылыми-білім беру кластерін құрайтын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ғылыми-зерттеу орталығының және «Парасаттылық» мектебінде болып қайтты.

www.kaznu.kz