Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің докторанты Наукенова Алтынай академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Әлем зертханаларында ғылыми тағылымдамалар – 2020» бағдарламасы бойынша «Әлем зертханаларында ғылыми тағылымдамалар» байқауының жеңімпазы атанды.
Бағдарлама әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу зертханаларында 3 айға дейінгі жазғы тағылымдамадан өтуге 17 грант бөледі және болашақта докторант дәрежесін алып, Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысқысы келетін дарынды қазақстандық студенттер мен белсенді зерттеушілерді қолдауға бағытталған.
Алтынай Наукенова 212 адам қатысқан конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен абыроймен өтіп, байқаудың 14 грант жеңімпаздарының қатарына кірді. Грант сомасы 7500 долларды құрады. Байқау шарты бойынша 17 гранттың 10 бакалавриттың 2-3 курс студенттеріне, 7 бакалавриаттың соңғы курс студенттері, магистратураның 1-2 студенттері және белсенді ғылыми қызметкерлерге бөлінді.
Механика кафедрасының докторанты Алтынай Наукенова грантты Абу-Дабидегі Халифа университетінде Khalifa University (KUSTAR) тағылымдамадан өтіп, университет зертханаларында «Мұнай өндіруді ұлғайтудың химиялық әдістері» атты докторлық диссертациясының тақырыбы бойынша эксперименталды зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.