Жаңалықтар

Профессор Чедомир Несторовичтың дәрісі (ESSEC)

9-жел-20

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында, Zoom платформасы арқылы Сингапурдағы ESSEC Business School Asia Pacific профессоры, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы MBA бағдарламаларының атқарушы директоры, «The Financial Times» бойынша Аптаның үздік профессоры Чедомир Несторовичтың онлайн дәрісі өтті. Дәріс «АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары, АҚШ-тағы сайлаулардың Азиядағы бизнеске әсері» атты тақырыбына арналды.

Дәріске 50-ден астам студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты. Бірінші бөлімде профессор АҚШ-тағы 2020 жылғы сайлауға қатысты негізгі мәселелерге тоқталды: демократтар мен республикашылдардың қарама-қайшылықтары, АҚШ сайлау жүйесінің кемшіліктері, бұрмалаушылық және Америкадағы сайлаудың әлемдік саясат үшін маңызы.

Профессор екінші бөлімде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының проблемасына, халықаралық сауда ұйымдарының рөліне тоқталып, әлемдік сауда соғысының қиыншылықтары мен салдарын сипаттады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері пікірталасқа белсенді қатысып, Чедомир мырзаға сұрақтар қойып, жоғары дайындық пен білім деңгейін көрсетті.