Жаңалықтар

Тіл-тірегіміз

8-ақп-21

Филология және әлем тілдері факультетінің 2 курс студентерінің ұйымдастыруымен Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының  актері Әсет Иманғалимен «Тіл-тірегіміз, көкірегіміз жүрегіміз» атты кездесу өтті.

2 курс студентері Zoom платформасында ұйымдастырған «Тіл-тірегіміз, көкірегіміз жүрегіміз» атты кездесуге Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актері, «Дарын» сыйлығының лауреаты, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Әсет Иманғали шақырылды. Әсет Иманғали Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында «Сахна тілі» пәнінен дәріс беретіндіктен, болашақ маман иелерінің сөзді дұрыс қолдану, әуезді сөйлеу нормаларына қатысты өзіндік ойларын ортаға салып, ақындар шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге қатысқан студенттер театр актеріне өздерін ойландыратын сұрақтар қойып, тіл туралы өлеңдер оқылды. Әсет Иманғали студенттерге алғыс айтып, сәттілік тіледі.

www.kaznu.kz