Жаңалықтар

Оқыту нәтижелерін бағалау

24.03.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да 51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция онлайн режимде бір уақытта ZOOM платформасындағы 13 түрлі аудиторияда өткізілді.

Бірінші аудиторияда Экономика және бизнес жоғары мектебі, Заң факультеті және Халықаралық қатынастар факультетіне енетін «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтар тобы бойынша білім беру бағдарламаларын оқыту нәтижелері талқыланды.

Екі күн ішінде секцияда 17 баяндама тыңдалды. Нәтижесінде жоғарыда аталған мамандықтар бағыты бойынша түлектің құзыреттілік моделінің құжаттарын әзірлеу бойынша топтық бірлескен авторлық жұмыс даярланды. Сонымен қатар, «Менеджмент» кафедрасының э. ғ. к., профессор м. а. Г.С. Смағұлова, ЭжБЖМ аралас кафедраларының басқа авторларымен бірігіп "Оқу бағдарламасын дайындаудағы оқытудың нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалау" баяндамасын ұсынды. «Менеджмент» кафедрасының э. ғ. к., профессор м. а. Т.С. Сокира және э. ғ. к., доцент м.а А.М. Джулаева «Оқу және бағалау деңгейлері бойынша кафедраның бағалау әдістері мен құралдарының банкін құру туралы» баяндамасында ұсыныстарын жеткізді.

Конференция барысында Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің (Челябинск қ., Ресей) Ашық және қашықтықтан білім беру Институтының директоры э.ғ.к., доценті А.А. Деминмен бірге «Менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., доценті Ж.О. Тұмбайдың «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу кезінде студенттердің білімін бақылауды ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында дайындаған баяндамасы қызу талқыланды.

«Менеджмент» кафедрасының Ресейлік қонақтарының басқа да баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды. Оңтүстік-Орал Мемлекеттік университетінің т.ғ.к., доценттері А.А. Иршин және К.М. Виноградов өздерінің «Ілгері бағалау» құзыреттіліктің немесе оның бір бөлігінің қалыптасуын тексерудің заманауи құралы ретінде» атты жалпылама баяндамаларында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Секцияда қатысушылар білім беру бағдарламасы, тәжірибе және пән бойынша оқыту нәтижелерін бағалау матрицаларын құрды. Конференцияның негізгі міндеті – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқыту нәтижелерін тұжырымдау, бағалау теориясы мен тәжірибесі әдіснамасының негіздерін әзірлеу. 

Конференция бұрынғыдан да қызықты, әрі нәтижелі өтті. Секцияның модераторларына көптеген ұсыныстар  келіп түсті.

www.kaznu.kz