- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Қос диплом – жарқын келешек
01.04.2021Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көптеген шет елдермен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып, жемісті жұмыс істеп жатыр. ҚазҰУ 2009 жылдан бастап магистратураның бірқатар өзекті және сұранысқа ие мамандықтары бойынша қос диплом беріп, магистрлік білім беру бағдарламаларын іске асыруда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтасатын шетелдік жоғары оқу орындарының бірі – Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті. Ол Екатеринбургте орналасқан Ресейдің жетекші университеттерінің қатарында. Мұнда шамамен 35 000 студент оқиды. Оқу процесін 4500-ден астам оқытушы, оның ішінде 650-ден астам ғылым докторы және 2100-ге жуық ғылым кандидаты, 30-дан астам мемлекеттік академия мүшелері қамтамасыз етеді. Оқыту бакалавриаттың 64, магистратураның 26 бағыты, аспирантураның 126 мамандығы және докторантураның 42 мамандығы бойынша жүзеге асырылады.
Философия және саясаттану факультетінің магистранттарына арналған бағдарлама превентологиямен байланысты – жастар арасында тәуелділіктің алдын алу. Денсаулық сақтау ортасын құру технологияларын жоғары деңгейде меңгерген мамандандырылған кадрлар даярлаудағы проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Жаңа халықаралық бағдарлама бойынша оқуды табысты аяқтаған студенттер бірден мемлекеттік үлгідегі екі дипломға ие болады. Олар – «Жастармен жұмысты ұйымдастыру» даярлау бағыты бойынша магистр біліктілігін беру туралы ОФУ дипломы және «Жастар ортасындағы превентология» мамандандығы мен қатар «Әлеуметтік жұмыс» немесе «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша ҚазҰУ-дың магистрлік дипломы.
Оқыту екі университеттің студенттері, оқытушылары, зерттеушілері арасында бірегей халықаралық қарым-қатынаста болады, олар ортақ академиялық құндылықтармен бөлісетін пікірлес адамдар қауымдастығын білдіреді. Бұл ең алдымен, үздік университеттер дәстүрлеріне тән академиялық мәдениетті, идея мен пікірді еркін білдіретін алаң болып табылады. Атап айтқанда, оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің үлгісін студенттер көреді және ғылыми семинарлар мен тақырыптық топтардың жұмысы барысында, дипломдық жұмыстарды жазу кезінде бірлесіп қарым-қатынас жасау және оған тікелей қатысудың барлық мүмкіндіктері бар. Қос диплом алу үшін екі рет диссертация қорғап қажеті жоқ, бағдарламалар үйлесімді болғандықтан студенттер бір ғана диссертация қорғайды. Сондай-ақ қос диплом бағдарламасы магистранттардың ҚазҰУ және ОФУ базасында өткізілетін халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуын қарастырады. Осылайша, жыл сайын ОФУ-да «Жастардың инновациялық әлеуеті» халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясы, ал ҚазҰУ-да «әл-Фараби әлемі» жас ғалымдар конференциясы ұйымдастырылады.
Қос диплом бағдарламасының негізгі артықшылықтары: сатып алынатын халықаралық оқыту және коммуникация тәжірибесі; қарқынды тілдік дайындық; жаңа мәдени және білім беру ортасына ену; бір оқу кезеңіндегі қос диплом; шетелде және елімізде жұмысқа орналасу кезінде еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік; оқудың келесі сатысына шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі жеңілдіктер. Қос дипломды білім беру бағдарламасы жан-жақты сапалы білім беруді қамтамасыз ететін тиімді жүйе ретінде танылды. Бұл бағдарлама – студенттер үшін екі жыл ішінде екі аккредиттелген магистр дәрежесін алудың бірегей мүмкіндігі.