Жаңалықтар

ҚазҰУ кезекті жетістігіне қол жеткізді

27.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Times Higher Education University Impact Rankings-2021 рейтингінде ең үздік, әрі осындай межеге жеткен   жалғыз қазақстандық ЖОО деп танылды.

Білім ордасы Біріккен ұлттар ұйымының 2030 жылға дейін тұжырымдаған тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты бойынша басымдық көрсетіп,  қазақстандық ЖОО арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Times Higher Education University Impact Rankings (THE IR) рейтингінде әлемнің 1115 университетінің көрсеткіштері сарапталған. Әлемдік рейтинг жоғары оқу орындарының тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысын бағалауға арналған. 

БҰҰ айқындаған 17 мақсаттың қатарына кедейлікті жою; салауатты өмір салты; сапалы білім беру; гендерлік теңдік; су ресурстарын тиімді пайдалану және баршаға арналған тазалық; энергия көздеріне қол жетімділік; лайықты жұмыс және экономикалық өсу; өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым және басқа талаптар кіреді.

Нәтижесінде ҚазҰУ-дың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдікті жоғары дәрежеде қамтамасыз етіп отырғандығын дәлелдеді.