- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Smart-шешімдер ұсынатын SuperMap
08.06.2021Өткен ғасырда өндірістік және технологиялық төңкерісті бастан өткердік. Келесі кезеңді «ақпараттық төңкеріс» деп атасақ артық болмас. Өйткені ХХІ ғасыр – BIG Data арқылы биікке ұмтылатын кезең. Мәліметті жинап, өңдеп, талдау – бүгінгінің талабы. Қысқаша айтқанда, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) деп аталады. Бүгін біз осындай сұранысқа лайықты жоба жасауға көмектесетін бағдарлама туралы сөз қозғаймыз.
Жалпы, геоақпараттық жүйелер дегеніміз не? Бұл – деректерді жинауға, басқаруға және талдауға арналған құрылым. Оның төрт тағаны бар: карталар, мәліметтер, талдаулар мен бағдарламалар. Географияға негізделген бұл жүйе көптеген дерек түрлерін біріктіреді. Ол карталар мен 3D көріністердің көмегімен кеңістіктегі орналасуды талдайды және көрнекіліктердегі ақпарат қабаттарын ұйымдастырады. Осындай бірегей мүмкіндіктің арқасында ГАЖ пайдаланушыларға smart-шешімдер қабылдауға көмектесетін деректерді тереңірек талдауға мүмкіндік береді. Барлық саладағы мыңдаған ұйымдар деректерді талдайтын, ақпарат алмасатын және күрделі мәселелерді шешетін карталар жасау үшін осы технологияны пайдаланады. Осылайша бүкіл әлемнің жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертті.
Бұған дейін ҚазҰУ ғалымдары ғарыштық технологиялардың көмегімен қоғамға қызмет ететін бірнеше жоба жасағанын айтқан едік. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жерді қашықтықтан зондтау орталығының маманы Гаухар Батай жұмыс барысындағы басты құралдың бірі – SuperMap бағдарламасы екенін айтты. SuperMap жаһандық клиенттер үшін геоақпараттық жүйелердің ең соңғы инновациялық платформалары мен шешімдерін әзірлеп ұсынады. Компания өнімдерінің желісі жұмыс үстелінен бастап, сервистік, компоненттік және мобильді ГАЖ бағдарламасының толық спектрін қамтиды. Демек, геоақпараттық жүйелердің ішіндегі ең озық бағдарламалық платформаның бірі деуге болады. SuperMap технологиялық жүйесі BitDC деп аталады. Яғни B-BigData, I – жасанды интеллект, T – 3D өлшем, D – таратылған технология және C – кросс-платформа. Бұл бесеуі компанияның ГАЖ технологияларын дамытудағы басты бағыты.
SuperMap – бұл жұмыс үстелінің, сервистік, компоненттік және мобильді геоақпараттық жүйе платформаларын, сонымен қатар кеңістіктік деректерді өндіру, өңдеу және басқару құралдарын қамтитын ГАЖ платформасының толық бағдарламалық пакеті.
SuperMap бағдарламасының негізгі өнімдері
SuperMap iDesktop – қарапайым, тұрақты және тиімді ГАЖ бағдарламалық жасақтама. Бұл негізгі, стандартты, кәсіби және жетілдірілген үш нұсқада қолжетімді. Онда деректерді өңдеу, картографиялау, 2D және 3D интеграциялық талдау, график салу, сурет салу сияқты және т.б. геоақпараттық жүйе функцияларының толық жиынтығы бар. Әртүрлі салада кеңістіктік деректерді өңдеп, талдайтын және жұмыс барысында жеке ГАЖ қосымшаларын қажет ететін мамандар үшін SuperMap iDesktop көп жұмысты жеңілдетеді.
Орталық маманының айтуынша, SuperMap жұмыс үстелі геоақпараттық жүйесінің бір ерекшелігі – онлайн режимде жаңартуға болады. Пайдаланушы жұмыс процесінің механизмін ескере отырып, динамикалық сегментация мен гидрологиялық талдауды оңай зерттей алады. Сонымен бірге деректердің әртүрлі форматтары мен механизмдері болғандықтан, пайдаланушының талабына толық сай келеді.
SuperMap бағдарламасының негізгі өнімдері
Неліктен SuperMap iDesktop-ты таңдау керек?
SuperMap iDesktop бағдарламалық жасақтамасында деректерді 2D немесе 3D форматында көрсетуге, өңдеуге, талдауға болады және бұл 2D және 3D ГАЖ-ды бөлек бағдарламалық жасақтамада іске қосуды қажет етпейді. Осындай мүмкіндіктер жұмыс тиімділігін айтарлықтай жақсартады. Сонымен қатар деректі бірнеше карта терезелерінде бір рет ашу арқылы көрсетуге, өңдеуге және пайдалануға көп құжаттық интерфейс (MDI) қолданылады. Еңбек тиімділігін арттыру және визуалды шаршауды азайту үшін ең соңғы үлгідегі лента интерфейсі пайдаланылған.
SuperМap iServer
SuperМap iServer – жоғары өнімді кросс-платформалық ГАЖ ядросына негізделген бұлтты ГАЖ сервері. Ол 2D, 3D біріккен қызметтерді жариялау және басқару функцияларына ие. Сонымен қатар көпдеңгейлі кеңейту мен дамуды қамтамасыз етеді. Жергілікті және қашықтағы деректерді SuperMap iServer сервисі ретінде жылдам жариялауға болады.
SuperМap iServer карталар, деректер талдау, 3D, Big Data және жасанды интеллект сияқты көптеген ГАЖ мүмкіндіктерін және интерфейстер, қауіпсіздік және кластерлеуді қамтитын ауқымдылықтың барлық спектрін ұсынады.
SuperМap iPortal
Бұл ГАЖ ресурстарын біріктіруге, іздеуге, бөлуге және басқаруға арналған ГАЖ порталының платформасы. SuperMap iPortal-да нөлдік кодты бейнелеуді реттеу, бірнеше көздерден гетерогенді қызметтерді тіркеу және жүйенің бақылау тақталары сияқты алдыңғы қатарлы технологиялар мен мүмкіндіктер бар. SuperMap iPortal тақырыптық дисплейі, үш өлшемді визуализациясы, таратылған кеңістіктік талдауы, үлкен экранды дисплейі және шаблондық қосымшалары бар көптеген веб-қосымшаларды ұсынады.
AI ГАЖ
АI (Artificial Intelligence) геоақпараттық жүйесі – бұл жасанды интеллект пен ГАЖ интеграциясы. Ол GeoAI нәтижелерін басқару, визуализация жасау және талдау бағытында жұмыс істейді. Пайдаланушы интерфейсінің тәжірибесін, эксплуатациялық және техникалық қызмет көрсетуді оңтайлы етеді.
AI GIS жұмыс процесінің құралы үлгілерді құруды, модельдерді оқытуды және қолдану негіздерін қолдайды, сурет деректерін жіктеу, бейне деректерінің мақсатын анықтау және бақылау, екілік жіктеу, көріністі жіктеу, рельефті жіктеу және т.б. функцияларын қоса алғанда, кескін деректерін талдайды.
Нысандарды жасанды интеллект негізінде тану
Үлкен ГАЖ деректері
Үлкен кеңістіктегі деректерді сақтау және басқару, кеңістіктік талдау, ағындық деректерді өңдеу технологиясы және визуалдауды қамтитын «Алтын кеніш». Үлкен ГАЖ деректері – Spark таратылған орталарға икемді қайта өңдеу мүмкіндіктерін ұсынады. Үлкен деректердің мол және керемет кеңістіктік визуализациясын қамтамасыз етеді.
SuperMap шешімдері
SuperMap келесідей мәселелерге қатысты smart-шешімдер ұсынады: ақылды қала, нысандарды басқару, тасымалдау, жерге орналастыру, табиғи ресурстар, қоғамдық қауіпсіздік, табиғи апаттар және суды үнемдеу.
Қазіргі уақытта ақылды қалалар құрылысы инновациялық технологиялармен прагматикалық дамудың жаңа кезеңіне өтті. Платформа көмегімен қалалық ақпараттық ресурстармен алмасуды, бөлісуді және үйлестіруді жүзеге асыра алады. Қала құрылысын басқаруды және қызметтерді кешенді түрде қолдайды. Ақылды қаланың ең негізгі шешімі қаланың әртүрлі негізгі, тақырыптық және динамикалық ақпараттарын тиімді біріктіреді.
Нысандарды басқаруға тоқталсақ, SuperMap теміржол, автомобиль және көлік объектілері, электр энергиясы, байланыс, сумен жабдықтау және су бұру, жылумен және газбен жабдықтау сияқты нақты қосымшаларды әзірлеу үшін қолданылады. Сондай-ақ өндірістік құрал-жабдықтар, ғимарат және басқа да мәліметтер, объектіні және меншікті басқаруды жүзеге асырады және ERP (компанияның бизнес-процестерін автоматтандыру) жүйесімен бірігіп үйлесімді түрде жұмыс істейді.
ГАЖ-де жол қозғалысын басқарудың барлық аспектілеріне қолдануға болатын қуатты ақпараттық қызметтер мен жол қозғалысын басқару функциялары бар. Дәстүрлі әдістермен салыстырғанда ГАЖ технологияларын қолдану тасымалдауды жоспарлауда, жол қозғалысын ұйымдастыруда, жол қозғалысын басқаруда және осыған байланысты мәселелерде бұрын-соңды болмаған артықшылықтарға ие.
Жерге орналастыру бойынша SuperMap 20 жылдан астам жобалық тәжірибесі бар жер индустриясында инновациялар мен жаңа технологияларды қолдануға бағытталған. SuperMap жерге орналастыру, ақпаратты басқару және қолдану, жер мониторингі қарастырылған. Мысал ретінде Түркияда кадастр деректер өлшемін жаңарту бойынша SuperMap сандық 3D кадастр құруға көмектесетінін айтуға болады.
SuperMap табиғи ресурстарды ақпараттандырудың құрылыс теориясын зерттейді, табиғи ресурстардың негізгі мәселелерін біріктіреді және кеңістіктік үлкен деректер, 3D-ГАЖ және жасанды интеллект сияқты озық технологиялармен табиғи ресурстарды ақпараттандырудың жаңа әдістері мен идеяларын ұсынады.
«ГАЖ орман шаруашылығына арналған жоғары дәлдіктегі портативті орналастыру құрылғысы» Android құрылғыларына арналған SuperМap iMobile
Мысалы, орман шаруашылығын басқаруда «ГАЖ орман шаруашылығына арналған жоғары дәлдіктегі портативті орналастыру құрылғысы» GPS функциялары бар Android құрылғыларына арналған SuperMap iMobile негізінде жасалынған. Одан бөлек, SuperMap табиғи апаттар туралы мәліметтерді жинау тапсырмаларын басқаруды, жергілікті деректерді жинау мен есеп беруді, жергілікті жерде бірнеше терминалдармен тапсырмаларды үйлестіруді, апат болған жерді картаға түсіруді және тексеруді, табиғи апаттарды бағалауды, апаттан кейінгі ақпаратты жариялаудың жан-жақты қызметін, апат туралы ақпаратты бөлісуді қолдайды.
Кәмила ДҮЙСЕН