Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, КОНКУРС!

21.06.2021

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғ., 71 орналасқан «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшелеріне (Ғылыми-инновациялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор; Операциялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор;Әлеуметтік даму бойынша Басқарма мүшесі – проректор; Қаржы қызметі бойынша Басқарма мүшесі – проректор) конкурс жариялайды.

Қоғам қызметінің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.

Қоғамның негізгі қызмет пәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметін көрсету болып табылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру конкурсына қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 5 жыл еңбек өтілі.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағандар;

3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;

4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұратындар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

1) бекітілген үлгідегі өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Конкурсқа қатысушының бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса қызмет тізімі;

4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:

5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулығы туралы № 075/е үлгі бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;

8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен жері қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет. Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғ., 71, Ректорат ғимараты, каб. 13-09, телефон: 8 (727) 377-33-33 (21-21), +7705-150-97-95.

 

Басқарма мүшелерін іріктеу бойынша кандидаттарға қойылатын қосымша талаптар  

1. Ғылыми-инновациялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – проректор 

Білімі: 

1)    ғылым кандидат  немесе  ғылым  докторы ғылыми дәрежесінің болуы, философия  докторы (PhD)  немесе  бейіні бойынша доктор; 

2)   тиісті  сала  бойынша біліктілігін жетілдіру  серификаттарының (куәліктерінің) және менеджмент саласында қосымша білімінің болуы мүмкіндігінше құпталады. 

Ғылыми мақалаларының болуы: 

  1. Соңғы 5 (бес) жылда Journal Citation Reports Web of Science мәліметтері бойынша 1, 2, 3 және 4 квартильге кіретін немесе Scopus мәліметтер базасында Cite Score процентиль көрсеткіші тиісті ғылым саласы бойынша 25-тен кем емес халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалары бар тұлғаларға басымдық беріледі. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша сондай-ақ Web of Science Core Collection (разделы Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index) Clarivate Analytics компаниясында, JSTOR индекстелетін журналдар да есепке алынады.  

2.  негізгі  ғылыми  зерттеу нәтижелерін жариялау  талап  етілетін ҚР БҒМ БҒСCҚеК бекітілген ғылыми басылымдар Тізіміне енген ғылыми басылымдарда мақалаларының болуы.  

Функционалдық қызметтері:  

1.  Университеттің даму Стратегиясына сәйкес ғылыми-инновациялық қызметті және ғылым мен білім беруді интеграциялауды стратегиялық жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады. 

2.  Іргелі  және  қолданбалы  ғылыми зерттеулердің басым  бағыттарын қалыптастырады және университеттің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуы   үшін маңызды  жобаларға қатысуын  қамтамасыз  етеді. 

3.  Ғылымның басым бағыттары бойынша жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, қайта даярлау және тағылымдамадан өткізу жұмыстарын  үйлестіреді.  

4.  Университеттің республикалық, халықаралық  ғылыми  бағдарламаларға  қатысуын үйлестіреді және халықаралық  базаларда индекстелген рейтингісі  жоғары журналдарда мақала  жариялау  белсенділігін қамтамасыз етеді. 

5.  Ғылыми-зерттеу  институттарының қызметіне  басшылық етеді және ғылыми-техникалық  кеңестің қызметін  үйлестіреді.

6.  Ғылыми  қызметке инвестиция  тартуға және коммерцияландыру әлеуеті  бар инновациялық жобаларды ілгерілетуге  ықпал  етеді. 

7.  Шетелдік жоғары  оқу  орындары және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейту және  дамыту  бойынша қызметті   үйлестіреді.   

8.  Ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайтуға ықпал етеді.  

9.  Ғылыми журналдардың редакциялық алқасын және ғылыми-инновациялық қызмет жетістіктерін ілгерілетуді жүзеге асырады. 

10.   Интеллектуалдық қызмет  нәтижелерін патенттік-лицензиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 

Білімі, дағдылары: 

- білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; 

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше); 

- ғылыми-инновациялық қызметтің және зерттеулер менеджментінің негізгі принциптерін білу; 

- ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру технологиялары мен құралдарын білу; 

- жобалық және корпоративтік басқару негіздерін білу; 

- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары; 

- ғылыми фандрайзинг және жобаларды инвестициялық талдау дағдылары; 

- тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары. 

Құзыреттер: 

- стратегиялық және аналитикалық ойлау; 

- трансформациялық көшбасшылық; 

- өзгерістерді басқару; 

- креативтілік және кешенді міндеттерді шешу; 

- өзара тиімді серіктестік құру; 

- нәтижеге бағдарлану. 

2.  Операциялық қызмет бойынша Басқарма мүшесі – Проректор

Білімі:

1) тиісті сала бойынша біліктілігін жетілдіру сертификаттарының (куәліктерінің) және менеджмент саласында қосымша білімінің болуы мүмкіндігінше құпталады.

Функционалдық қызметтері:

1)  Университеттің кадрлық, заңгерлік және құжаттамалық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді.

2)  Университеттің ұйымдастырушылық құрылымы мен басқару жүйесін дамыту және жетілдіруді үйлестіреді.

3)  Білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғау және әлеуметтік қорғау (емдеу және оңалту) бойынша университет жұмысын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз етеді.

4)  Халықаралық ынтымақтастықты дамытуды және университетті қазақстандық және халықаралық рейтингтерде ілгерілетуді үйлестіреді.

5)  Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу және университет қызметін цифрландыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді;

6)  HR менеджментінің тиімділігін қамтамасыз етеді және ірі қазақстандық және халықаралық рекрутингтік және маркетингтік компаниялармен ынтымақтастықты дамытады;

7)  Қызметкерлердің ішкі тәртіп ережелерін және университеттің корпоративтік мәдениет кодексін сақтауын қамтамасыз етеді.

8)  Ақпараттық-баспа қызметін дамытуды үйлестіру және статистика жүргізу, білім беру қызметтері нарығын болжау және талдау үшін маркетингтік ақпарат жинауды қамтамасыз етеді.

Білімі, дағдылары:

- білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше);

- ұйымдастыру менеджменті мен әкімшілендірудің негізгі қағидаларын білу;

- жобалық және корпоративтік басқару негіздерін білу;

- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

- фандрайзинг, инвестициялық талдау дағдылары;

- тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

Құзыреттер:

- стратегиялық және аналитикалық ойлау;

- трансформациялық көшбасшылық;

- өзгерістерді басқару;

- креативтілік және кешенді міндеттерді шешу;

- өзара тиімді серіктестік құру;

- нәтижеге бағдарлану.

3. Әлеуметтік даму бойынша Басқарма мүшесі – проректор

Білімі:

1) тиісті сала бойынша біліктілігін жетілдіру сертификаттарының (куәліктерінің) және менеджмент саласында қосымша білімінің болуы мүмкіндігінше құпталады.

Функционалдық қызметтері:

1)  Университеттің Даму стратегиясына сәйкес тәрбие және әлеуметтік қызметті, қоғаммен байланыс саласындағы жұмысты стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

2)  Студенттік ынтымақтастықты және студенттік жобалар мен бастамаларды ілгерілетіп дамытуды үйлестіреді.

3)  Университеттің өзін –өзі басқару ұйымдарымен өзара тиімді қарым-қатынас орнығуын дамытады.

4)  Жатақханаларға орналасу және орынды белгілеудің ашықтылығы мен есептілігін қамтамасыз етеді.

5)  Табысы төмен және/немесе мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды және жетім балаларды қолдау көрсетудегі университет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді

6)  Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этиканы сақтау қызметін үйлестіреді және комплаенс-қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Білімі, дағдылары:

- білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше);

- жастар саясаты және білім алушылармен жұмыс жасау негіздерін білу;

- коммуникациялық менеджменттің негізгі қағидаларын білу;

- жобалық және корпоративтік басқару негіздерін білу;

- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

- тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары;

- білім алушылардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру дағдылары.

Құзыреттер:

- стратегиялық және аналитикалық ойлау;

- трансформациялық көшбасшылық;

- өзгерістерді басқару;

- креативтілік және кешенді міндеттерді шешу;

- өзара тиімді серіктестік құру;

- нәтижеге бағдарлану.

 

4. Қаржы қызметі бойынша Басқарма мүшесі – проректор

Білімі:

1) тиісті сала бойынша біліктілігін жетілдіру сертификаттарының (куәліктерінің) болуы мүмкіндігінше құпталады.

2) қаржылық менеджмент және бизнесті әкімшілендіру саласында қосымша білімінің және халықаралық сертификаттарының болуы мүмкіндігінше құпталады.

Функционалдық қызметтері:

1)  Ағымдағы және болашақтағы қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады.

2)  Инвестициялық қызметті үйлестіреді және университет бюджетін қалыптастырады.

3)  Университеттің салықтық және есеп саясатын қалыптастырады және жетілдіреді.

4)  Университет инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру үшін тікелей және тікелей емес инвестицияларды тартуды қамтамасыз етеді.

5)  Қаржылық қызмет тиімділігін талдау және бағалауды, қаржылық қаржылық қызмет пен менеджмент тәеуекелінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады

6)  Университеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету (энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау) және азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

7)  Қаржы құралдарының қозғалысы мен жұмсалуын бақылайды, қаржылық және шаруашылық мәселелер бойынша өкілдік етеді және шарттар жасайды.

Білімі, дағдылары:

- білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше);

- қаржылық менеджмент және бюджеттік жоспарлаудың негізгі қағидаттарын білу;

- тәуекелдерді басқаруды қаржылық талдау және бағалау әдістерін білу;

- жобалық және корпоративтік басқару негіздерін білу;

- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

- ұйымдардың бюджеттері мен ресурстарын тиімді басқару дағдылары;

- тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.

Құзыреттер:

- стратегиялық және аналитикалық ойлау;

- трансформациялық көшбасшылық;

- өзгерістерді басқару;

- креативтілік және кешенді міндеттерді шешу;

- өзара тиімді серіктестік құру;

- нәтижеге бағдарлану.