Жаңалықтар

ҚазҰУ студенті Токио Паралимпиадасында қола медаль алды

02.09.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті Нұрдәулет Жұмағали Токиода өтіп жатқан жазғы паралимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медаль алды.

Нұрдәулет медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алады. Өткен жылы Ақтөбе қаласында өткен жүзуден Қазақстан Чемпионатында екі күміс және қола медальді қанжығасына байлап, үздік нәтиже көрсетті. 100 және 200 метрге браспен жүзуде – II-орын, 50 метрлік қашықтықта III-орын иегері атанды.

Спортшыны ҚазҰУ ұжымы атынан жеңісімен құттықтаймыз және әрқашан сәттілік тілейміз!

Айта кетсек, Паралимпиада ойындарына Қазақстаннан 25 спортшы аттанды. Бүгінде еліміздің қоржынында 5 медаль бар. Байрақты бәсеке 5 қыркүйекке дейін жалғасады.