- Негізгі бет
- Жаңалықтар
«Медиа-Наурыз» халықаралық байқауы басталды
29.03.2022Алтай мемлекеттік университетінде (Ресей, Барнаул) Үлкен Алтай және Орталық Азия елдерінің университеттері мен ғылыми институттарының баспасөз қызметтері мен журналистеріне арналған «Медиа-Наурыз» халықаралық байқауы басталды. Қазылар алқасының құрамына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері де кірді.
Байқауды «Үлкен Алтай» алтаистика және түркітану ғылыми-білім беру орталығы Азия университеттері қауымдастығы және Этносаралық журналистика гильдиясымен бірлесе ұйымдастырып отыр.
«Медиа-Наурыз» «Үлкен Алтайдың түркі әлемі: тарих және қазіргі замандағы тұтастық пен әралуандық» жобасы аясында жүзеге асады. Байқау «Үлкен Алтай» және Орталық Азия елдерінің медиа кеңістігінде алтайтану мен түркітану тақырыптарын кеңінен насихаттау үшін әрі Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Орталық Азия аймағының басқа да елдерінің университеттері, сондай-ақ ғылыми институттары арасындағы халықаралық ақпараттық ынтымақтастықты нығайту мақсатында қолға алынды.
Беделді қазылар алқасының құрамында «Үлкен Азия» телеарнасының бас директоры Александр Лебедев, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей славян университетінің профессоры Гүлмира Джунушалиева, М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Махлия Мирсоатова, Еуразиялық телерадио академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының профессоры Ләйла Ахметова және т.б. бар.
Жеңімпаз «Үлкен Алтайдың түркі әлемі» жобасының жетекшісі, Алтай мемлекеттік университетінің президенті, профессор Сергей Землюковтың атаулы сыйлығын алады. Үздік журналистер мен баспасөз қызметінің қызметкерлері Алтай мемлекеттік университетінің «Үлкен Алтай өңірінің этномәдениеті және заманауи арт-тәжірибесі», «Коммуникациялық өнімдерді эксперттік бағалау әдістері" немесе "DataScience негіздері, Python-да деректерді визуализациялау» бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарына тегін қатысу жүлдесіне ие болады.
Байқауға қатысуға ниет танытқандар оның шарттарымен толығырақ танысып, тіркеліп, материалдарды 24 мамырға дейін «Үлкен Алтай» ғылыми-білім беру орталығының сайтына жібере алады.