Жаңалықтар

Медиа білім беру мәселелерін талдады

05.04.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тексерілген шынайы ақпаратты пайдалану негізінде виртуалды білім беру деңгейін арттыру» тақырыбында өткен V халықаралық журналистика форумы  медиа білім беру мәселелеріне арналды.

Қазақстанның БҰҰ-ға енуінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Нидерланды, Словакия, Түркия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары қатысып, виртуалды оқыту мен цифрлық білім берудің жаңа әдістемелерін талқылады.


 Шараның ашылуында БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаш Аренова, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі  Бибігүл Жексенбай, Еуропалық журналистер даярлайтын ассоциацияның кеңесшісі (EJTA), журналистика саласындағы білім беру бойынша Дүниежүзілік кеңес төрағасының орынбасары, Виндесхайм қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Нико Дрок сынды мамандар қатысып, өз ойларын айтып, ұсыныстарын ортаға салды.


Спикерлер қатарында Словакия ғылым академиясы Болжау институтының профессоры Владимир Бачишин, ТРТ «Түркия үні» радиосы Қазақ редакциясының редактор-жүргізушісі Уфук Тузман, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры Якутхон Маматова, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессорлары Дмитрий Гавра, Илья Быков, РУДН университеті Журналистика теориясы мен тарихы кафедрасының доценті Валентин Матвиенко, Медиа дамыту корпоративтік қоры Медиа жобалар бөлімінің жетекшісі Бибігүл Құламан, «Elorda-Aqparat» медиахолдингі директорының орынбасары Қанат Әуесбай, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы  Ширин Костюк т.б. ғалымдар мен практиктер ғылыми баяндама жасады.


Ғылыми шараның бас серіктесі – COMENIUS ANALYTICA аналитикалық орталығының қолдауымен журналистика форумының материалдар жинағы Словакияның IRIS Publishing and printing баспа үйінде жарияланады.