Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған делегация Францияның Гренобль-Альпі университетінде Директорлар кеңесінің 8-ші отырысына қатысты.

«Campus in Campus» жобасы – ғылыми-білім беру ресурстарын ұлттық немесе институционалдық кедергілерсіз пайдалану мақсатында серіктес университеттер кампусын ортақ пайдалану бастамасы. Сонымен қатар серіктес университеттер «Campus-in-Campus» (CiC) жобасы аясында студенттер, оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлердің ұтқырлығын арттыруы қажет.

ҚазҰУ 2019 жылдан бастап «Campus-in-Campus» жобасының қатысушысы болып табылады. Цукуба университеті (Жапония) мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы CiC меморандумына қара шаңырақта өткен QS World University Rankings форумы аясында қол қойылған болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Еуропа мен Азия университеттерінің кездесуіне қатысуда. Директорлар кеңесінің 8-ші отырысына Цукуба университеті, Бордо университеті, Тайвань ұлттық университеті, Сан-Паулу университеті, Малайзия технологиялық университеті, Ирвандағы Калифорниялық университеті (CiC зерттеу серіктесі), Утрехт университеті (CiC зерттеу серіктесі), Гренобль-Альпі университеті, Огайо мемлекеттік университеті, Бохумның Рур университеті сынды әлемнің жетекші ЖОО-нан делегация келді.

ҚазҰУ делегациясының сапары аясында Гренобль-Альп университеті, Цукуба университетімен қарым-қатынасты кеңейту уағдаластығы жасалып, Бордо университетімен екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі