Жаңалықтар

Биология және биотехнология факультеті үздік университеттермен байланыс орнатқан

15.07.2022

Факультет құрамында Биоалуантүрлілік және биоресурстар, Биотехнология, Молекулалық биология және генетика, Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар деп аталатын төрт кафедра бар. Студенттердің теориялық білімін практика түрінде жүзеге асыратын үздіксіз тәжірибе алаңы – биоклиника мен агробиостанция жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта биология және биотехнология факультетінде 1834-тен астам студент, 309 магистрант және 147 PhD докторант білім алады. Мамандарды даярлауға 4 ҚР ҰҒА академигі, 30 ғылым докторы, 80 ғылым кандидаты, 24 PhD докторы атсалысады.  

Жұмыс берушілер мен ҚР Ұлттық ғылым академиясы институттарының ірі ғалымдары мен жетекші мамандары студенттердің білім алуына өз үлестерін қосуда.

Факультет оқытушылары өздерінің белсенді халықаралық байланыстары нәтижесінде студенттердің академиялық мобильділігі үшін әлемнің алдыңғы қатарлы ғылым орталықтары мен университеттерінде студенттерге 1-2 семестр оқуға мүмкіндіктер жасайды, қосдипломдық бағдарлама бойынша студенттерге ҚазҰУ және шетел (ISA Lille (Франция), Oxford, Белгородтық мемлекеттік университеті, Саленто университеті (Италия) дипломын алып шығуға үлкен мүмкіндік береді. Магистранттар мен PhD докторанттар әлемдік жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда тәжірибе жинақтайды.  

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

В051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар: Биологиялық және сабақтас ғылымдар білім беру бағдарламалары

 

Бакалавриат  

6В05103 – Биотехнология

6В05103 – Биотехнология (НЗМ)

6В05101 – Биологиялық инженерия

6В05102 – Биология (НЗМ)

6В05102 – Биология

6В05105 – Генетика

6В05107 – Микробиология

6В05108 – Биомедицина

6В05109 – Нейроғылым

 

В080 – Балық шаруашылығы

6В08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

6В08402 – Аквакультура және су биологиялық ресурстары

 

7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Биологиялық және сабақтас ғылымдар білім беру бағдарламалары

 

Магистратура

7М01504 – Биология (педагогикалық)

7М05101 – Биология

7М05102 – Биомедицина

7М05103 – Биофизика

7М05104 – IT - Генетика

7М05105 – Генетика

7М05109 – Биотехнология

7М05110 – Тағамдық биотехнология

7М05112 – Геоботаника

7М05201 – Қоршаған орта биотехнологиясы

7М08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

7М05114 – Вирусология

7М05113 – Нейроғылым

7М08402 – Аквакультура және су биологиялық ресурстары

 

PhD докторантура

8D051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Биологиялық және сабақтас ғылымдар білім беру бағдарламалары

8D05101 – Биология

8D05102 – Биомедицина

8D05103 – Биофизика

8D05104 – Генетика

8D05105 – Биотехнология

8D05108 – Геоботаника

8D05201 – Қоршаған орта биотехнологиясы

8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

8D05110 – Вирусология

8D05111 – Вирусология (Пари-Саклай университетімен қос диплом алу)

8D05109 – Нейроғылым