Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жеті факультетке жаңа декан тағайындалды.
ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың бұйрығымен журналистика факультетінің деканы болып филология ғылымының кандидаты Нұржан Қуантайұлы тағайындалды.
Байқау негізінде тарих факультетінің жаңа деканы болып тарих ғылымының кандидаты Досбол Сүлейменұлы Байғұнақов бекітілді.
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің деканы лауазымына конкурстық іріктеуден физика-математика ғылымдарының кандидаты Нұрзада Әбдібекқызы Бейсен өтті.
Халықаралық қатынастар факультетінің деканы да байқау негізінде сайланды. Бұл лауазымдық орынға PhD докторы Думан Құрманғазыұлы Жекенов лайықты деп танылды.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жаңа деканы болып филология ғылымының кандидаты Сәбит Құрманжанұлы Суатай тағайындалды.
PhD докторы Алина Галеева химия және химиялық технология факультетінің деканы лауазымына конкурстық іріктеуден өтті.
Конкурс комиссиясының шешімімен философия және саясаттану факультетінің деканы қызметіне Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы сайланды.
Жаңа декандар жаңа оқу жылынан бастап өз міндеттеріне кірісті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі