- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Сапалы медициналық білім беруді жетілдіру келісілді
05.10.2022Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Әли ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті делегациясының сапары аясында екіжақты ынтымақтастықтың білім, ғылым және медицинаны дамыту бағыттары талқыланды.
Кездесуде ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Хайдар Тасыбеков университет жетістіктеріне тоқталып, тәжікстандық әріптестермен ынтымақтастық аясын кеңейтуге, екіжақты ықпалдастық мүмкіндіктерін талқылауға дайын екенін жеткізіп, өзара әріптестіктің маңызын атап өтті.
Ректор Гүлзода Махмадшох Курбонали өз кезегінде Әбу Әли ибн Сина атындағы ТММУқызметі жөнінде ақпарат берді.
Тәжік мемлекеттік медицина университеті 1939 жылы құрылған. Душанбе қаласындағы оқу орнында бес: медициналық, стоматологиялық, фармацевтикалық, педиатриялық, медициналық-профилактикалық факультеттер бар. Оқу орнында12 мыңнан астам студент, 20 мемлекеттен келген 2000 шетел азаматы оқиды. Оқыту тәжік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университет медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша 49 мыңнан астам түлек шығарған.
«Жоғары оқу орнының кадр құрамының дәрежесі 49 пайыздан асады. Әрине, біз әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ұмтыламыз. Қазіргі уақытта 150-ден астам шетелдік университетпенкелісімшарт жасалды. Украина, РФ, Германия, Литва, Беларусь, Қазақстан университеттерімен жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Соның ішінде ҚазҰУ-мен медициналық бағыт бойынша ұзақ байланыстарымыз бар. Болашақта біз өзара академиялық алмасу, қосдипломды білім беру сияқты ынтымақтастық бағыттарын жолға қоямыз деп үміттенеміз. Бұл оқытушылар мен студенттерді жетістікке жетелеп, біліктілігін арттыруға ықпал етеді», – деді ТММУ ректоры.
Кездесуде тараптар өзара тиімді әріптестікті жаңа бағытта дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдік делегация ҚазҰУ-дыңғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларынаралап, ғылыми жетістіктерімен танысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі