Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

16-қаз-22

Жансейіт Түймебаев Астана қаласында өткен Қазақстан-Катар инвестициялық форумы аясында Катар университетінің президенті Хасан Рашид Әл-Дерхаммен кездесті. Жүздесу нәтижесінде қос тарап ынтымақтастық орнату үшін Меморандумға қол қойды. 

 

Университет басшысы Ә.Қастеев мұражайында «Дара» қайырымдылық қорының 15 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты. Өз сөзінде білім ордасының ректоры қайырымдылық қор қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

 

Жансейіт Түймебаев Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ҚазҰУ қалашығының құрылысын басқарған көрнекті сәулетші және құрылысшы Тарас Төлегеновке арналған мемориалдық барельефті салтанатты түрде ашты.

 

Білім ордасының ректоры Колумбия университеті жанындағы Жер институтының директоры Янис Бен Амормен кездесті.  Жүздесуде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері  талқыланды.

 

Жансейіт Түймебаев «Біз конституциялық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз: академик Сұлтан Сартаевтың саяси-құқықтық көзқарастары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, баяндама жасады.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев Қазан федералды (Еділ) университетінің делегациясымен жүздесті.