Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

6-қар-22

Жансейіт Түймебаев ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмысы аясында «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ұжымымен кездесіп, қазметкерлерге сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

 

Ректор Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, баяндама жасады.

 

ҚазҰУ басшысы білім ордасында көшбасшылық дәріс оқыған М.В.Ломоносов атындағы ММУ профессоры Сүлейман Аллахвердиевпен кездесті. Жүздесуде тараптар екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру перспективаларын талқылады.

 

Жансейіт Түймебаев Ақпарат және коммуникациялар департаментінің қызметімен және күрделі жөндеуден өткен жұмыс орнымен танысты. Жансейіт Қансейітұлы Баспасөз қызметінің бірлесіп атқарған жұмысын жоғары бағалап, алдағы уақыттағы ұстанар бағыт-бағдарын айқындап берді.

 

Университет басшысы 356 орындық №5 жатақхананың салтанатты ашылу салтанатына қатысып, студенттерді жаңа қоныстарымен құттықтады.