Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет QS Азия өңірі жоғары оқу орындарының рейтингіне еніп, 44-орынға ие болды. Сондай-ақ, ҚазҰУ «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингінде 1-ші орын алып, Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды. 2023 жылғы шығарылымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia University Rankings рейтингінде үздік 6% қатарына енді.
2009 жылдан бастап жыл сайын шығарылатын QS Asia University Rankings рейтингі жыл сайын Азияның үздік университеттерін бөліп көрсетеді.
ҚазҰУ «QS Asia University Rankings» рейтингіне алғаш рет әлемге әйгілі Сингапур Ұлттық университеті, Пекин университеті, Токио университеті, Малай университеті, Корей университеттермен қатар алғаш рет қатысуда.
2023 жылғы Азияның үздік университеттерінің рейтингі 757 университеттің қызметін талдады. Әдіс аймақ үшін мұқият таңдалған өнімділік көрсеткіштерінің жиынтығын ескере отырып, жаһандық рейтингтің негізгі көрсеткіштері сақталған.
QS Asia University Rankings рейтингін жасау үшін пайдаланылатын 11 көрсеткіштер келесідей: Академиялық бедел (30%); Жұмыс берушінің беделі (20%); Оқытушылар мен студенттердің арақатынасы (10%); Халықаралық зерттеу желісі (10%); Мақалаға дәйексөздер (10%) және оқытушылардың мақалалары (5%); Докторлық дәрежесі бар персоналдар (5%); Шетелдік оқытушылардың үлесі (2,5%) және шетелдік студенттердің үлесі (2,5%); Алмасу бойынша келген студенттердің үлесі (2,5%) және алмасу бойынша кеткен студенттердің үлесі (2,5%).
Бұл көрсеткіштердің барлығы үздік университеттердің қызметін объективті және толық сипаттайды. Жаһандық рейтинг нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетістіктерін сараптай отырып, халықаралық рейтингтерде бірте-бірте және тұрақты өсуді көрсетіп, белсенді түрде алға жылжуда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі