Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті Эльдар Шекербек Тайландта өткен «Oceanman – 2022» халықаралық жарысында 1-орынды жеңіп алды.

«Oceanman» сайысы – ашық суда теңіз немесе су айдындарында жүзуден жарысатын әлемдік бәсеке. Оған биыл 1200 спортшы қатысты. Эльдар ашық теңізде 5 шақырымды 1 сағат 10 минутта жүзіп өтіп, үздік нәтиже көрсетті.

Жүзу шеберлерінің басын қосатын байрақты жарыс жыл сайын кеңінен қанат жайып келеді. «Oceanman Almaty-Kapchagay 2021» сайысы шілде айында Қазақстанда өткен болатын.
Айта кетсек, жас спортшы шілде айында Қапшағайда өткен «Оушенмен Казахстан» сайсында да абсолютті чемпион атанды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі