Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс студенті Надежда Пивоварова Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан құрамасы қатарында өнер көрсетеді. Байрақты дода бүгін АҚШ-тың Лейк-Плэси қаласында басталды.
Надежда 1999 жылы 19 наурызда дүниеге келген. Биатлон бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері. Қазіргі таңда ҚазҰУ-да «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алуда.

Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 2019 жылы ҚР чемпионатында бірінші орынды иеленді. Әлем чемпионатына бірнеше рет қатысқан. Халықаралық IBU кубогының барлық кезеңдерінде жақсы нәтиже көрсетті.

ҚазҰУ спортшысы Надежда Пивоварова биылғы 12-22 қаңтар аралығында өтетін Дүниежүзілік қысқы универсиадада биатлон бойынша ел намысын қорғайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі