Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

5-ақп-23

  • Жансейіт Қансейітұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен өткен Лондондағы ІХ Ұлыбритания-Қазақстан үкіметаралық комиссия отырысына қатысты. Жиында екі ел жоғары білімінің заманауи трендтері мен басымдықтары талқыланды.
  • Ректор Жансейіт Түймебаев Ұлыбританияға сапары аясында Лондон университеті Шығыстану және африкатану мектебінің директоры Адам Хабибпен кездесті. Жүздесуде академиялық ынтымақтастық орнату және оқытушы мен студент алмасудың негізгі бағыттарын айқындайтын меморандумға қол қойылды. 
  • Білім  ордасының басшысы Лондонға жұмыс сапары аясында King’s College London колледжінде оқитын ҚазҰУ докторанттарымен жүздесті. 
  • Сонымен қатар, ҚазҰУ ректоры Рединг университетіне арнайы барып, оқу ордасының тыныс тіршілігімен танысты.