Жаңалықтар

Конфессияаралық келісім туралы дәріс өтті

02.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев студенттермен кездесіп, дәріс оқыды. 

Шараны философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев құттықтау сөзбен ашып, құрметті мейманды білім алушы жастарға таныстырды. 

Дәрісті бастаған Болат Сәрсенбаев орталықтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қатысты бастамалары мен атқарылған жұмыстарына тоқталды. 


«Өткен жылы елімізде Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев пен Рим Папасы ФранцискӘл-Азһардың бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебтіңқатысуымен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін өткіздік. Шараға әлемнің 60 елінен 130 делегация басшысышақырылды. Олардың арасында ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, буддизм, зороастризм, индуизм және басқа да дін өкілдері бар. Съезге беделді саясаткерлер, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, конфессияаралық және мәдениетаралық диалог мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың басшылары да келді. Осы орайда, 2003 жылы өткен алғашқы съезге барлығы 17 делегация қатысқанын атап өткім келеді. Яғнисъездің беделі мен маңыздылығы күннен-күнге артып келеді», – деді Болат Серғазыұлы. 
 

Сонымен қатар дәріскер білім алушы жастарға орталықтың алдағы уақытта атқарар жоспарлары туралы баяндады. Ол сөзінде: «Қазіргі таңда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінөткізу үшін дайындықты бастап кеттік. Елімізге түрлі дін саласының лидерлері келіп, өзекті мәселелерді талқыламақ», – деді орталық басшысы. 

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі