- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Нәтиже қомақты, жоспар көп
14.03.2023Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың соңғы екі жылда атқарған қызметі мен негізгі нәтижелері
1. ҚазҰУ әлемдік білім кеңістігіндегі беделі мен танымалдылығын айтарлықтай нығайтты: 2022 жылы QS рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік университеттер арасында 150-орын, Азия аймағында – 44, Орталық Азияда 1-орын алды.
2. ТМД елдері арасында ҚазҰУ М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен бірге әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына енді.
3. ҚазҰУ Тұрақты даму мақсаттарының «Академиялық әсер» БҰҰ бағдарламасының жаһандық хабын басқарды, бұл – БҰҰ-ның ҚазҰУ-ға жоғары сенімінің көрсеткіші.
4. Әлемдік университеттердің еуропалық академиялық рейтингі – Еуропалық стандарттың «AA+» рейтингін алды, бұл ҚазҰУ-ға Еуропаның жетекші университеттерімен бір қатарда тұруға мүмкіндік берді.
5. Great Value колледждері бойынша әлемдегі ең озық технологиялық университеттер арасында 31-орын (АҚШ).
6. Ыстамбұл және Бішкекте ҚазҰУ филиалдары ашылды.
7. Алматыда ҚазҰУ базасында MИФИ филиалы ашылды.
8. Зерттеу университеті мәртебесін алды және 2022-2026 жылдарға арналған Даму бағдарламасы бекітілді (ҚР Үкіметінің 25.07.2022 жылғы №516 қаулысы).
9. 16 факультет пен 68 кафедрада студенттер контингенті 24,3 мың студентке дейін динамикалық өсуде. Студенттер санының өзгеруі тек мемлекеттік грантпен ғана емес, келісімшарт негізінде де оқуға түсетін оң көрсеткішке ие. Гранттық негізде – 75%, келісімшарт негізінде 25% білім алушылар бар.
10. Жас оқытушылардың сапасы артып келеді: PhD докторларының саны 489-ға дейін өсті, 585 ғылым докторы, 801 ғылым кандидаты, 22 ҚР ҰҒА академигі және 7 корреспондент-мүшесі жұмыс істейді.
11. Білім беру бағдарламалары жаңартылды. Білім алушыларды оқыту 542 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Оның ішінде 62-сі Азия, Еуропа, Ресей Федерациясы, АҚШ университеттерінің қос дипломы және ағылшын тілінде 105 білім беру бағдарламасы.
12. 13 инновациялық білім беру бағдарламасы әзірленді және енгізілді. Оның ішінде машина жасау, өңдеуші және құрылыс индустриясы, ақпараттық технологиялар және т.б.
13. 2022 жылы университет ғалымдары 308 ғылыми жобаны жүзеге асырды. Оның ішінде: ҚР МНВО гранттық қаржыландырудың 247 жобасы. 2022 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.
14. ҚазҰУ ғалымдары ғылыми зерттеулерге Қазақстан Республикасындағы гранттардың 15 пайызын жеңіп алды.
15. «Ғылым ордасының» 19 ғылыми-зерттеу институтымен интеграцияны күшейтіп, 21 бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізіп, 396 магистр мен PhD докторларын дайындады.
16. ҚазҰУ-дың 42 қызметкері Мемлекеттік ғылыми марапаттар мен стипендиялардың иегері атанды.
17. Өнертабыстар мен үлгілерге 300-ге жуық патенттер мен авторлық куәліктер алынды.
18. Рейтингтік басылымдарда жылына ғылыми жарияланымдар саны ұлғайтылды (1000-нан астам немесе әрбір 5 қазақстандық басылым).
19. Қазақстан Республикасынан Scopus-тағы мақалалар саны артты (бұл мақалалардың 58 пайызын жыл сайын ҚазҰУ қызметкерлері шығарады).
20. 2022 жылы университеттің төрт ғылыми журналы ғылыми басылымдардың халықаралық деректер қорына енгізілді.
21. ҚазҰУ-дың 14 диссертациялық кеңесінде оң шешіммен 85 PhD докторлық диссертация қорғалды.
22. 107 ірі ғылыми форум мен конференция өткізілді. Оның ішінде 60 халықаралық және 9 республикалық ғылыми конференциялар, 11 халықаралық және 5 республикалық дөңгелек үстелдер, 8 халықаралық және 11 республикалық семинарлар.
23. Коммерцияландыру жобаларына грант түрінде 40 млн теңге түсті.
24. 10 жаңа инновациялық өндіріс ашылды. Оның ішінде ҚазҰУ-дың Дәрілік өсімдіктер ғылыми орталығында өсімдік шикізаты негізінде шағын тонналық өнім шығару.
25. Әлемнің жетекші университеттерімен (АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, БАӘ, Түркия) 30-дан астам жаңа ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.
26. Білім алатын шетелдік студенттердің саны ұлғайды. Әлемнің 54 елінен 2,8 мыңға дейін студент білім алады.
27. Дәріс оқу және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін әлемдік ғылым және білім орталықтарының жетекші профессорларының саны артты (жыл сайын 100-ден астам).
28. ҚазҰУ-дан 41 талапкер әлемнің үздік университеттері мен шетелдің ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуде.
29. Профессорлар құрамының еңбекақысы екі есеге өсті және қазір ол: оқытушылар үшін – 285 000 теңге (2021 ж. 160 000 теңге болған), доценттер – 390 000 (175 000 теңге болған), профессорлар – 500 000 (190 000 теңге болған).
30. Директорлар кеңесінің отырысында 2025 жылға дейін кампусты дамытудың жұмыс жоспары әзірленді және бекітілді.
31. Оқу ғимараттары, зертханалар, жатақханалар, әкімшілік кеңселер, асханалар мен спортзалдар заман талабына сай жаңартылды. Кампус аумағы абаттандырылды. 2022 жылы 250-ден астам қылқан жапырақты ағаш түрлері отырғызылды. Оның ішінде 200 дана көк шырша, 50 дана қырым қарағайы, көгал шөптері 12 000 м2 жерге егілді.
32. Университет ұжымы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия азаматтарына біркүндік жалақысы есебінен 40 миллион теңге аударып, 10 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті.
33. ҚазҰУ базасында бірқатар қоғамдық-саяси сипаттағы ірі іс-шаралар, соның ішінде Түркияның экс-президенті А.Гүлдің, Қырғыз Республикасының экс-президенті А.Ақаевтың, депутаттар делегациясының сапарлары өтті. Мемлекеттік кеңесші Е.Қариннің қатысуымен Еуропалық парламент, Қазақстан саясаттанушылар конгресі, Орталық Азия және Қазақстан университеттері ректорларының форумы және т.б. өтті.
34. Соңғы екі жылда ҚазҰУ-дың 100 қызметкері Түркияда тәжірибе алмасып, бір апта тегін демалып қайтты.
35. 2023 жылы Алматы қалалық сотының шешімімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы көлемі 0,7495 гектарға тең екі жер учаскесі қайтарылды.