Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың қыздар құрамасы қола жүлдені ұтып алды

9-мау-23

Еліміздің ЖОО студенттері арасында өтіп жатқан XII жазғы универсиада ойындарында ҚазҰУ-дың қыздар құрама командасы тоғызқұмалақтан III орынды иеленді.

Заң факультетінің 1-курс студенті Айдана Сауытбек пен механика-математика факультетінің 1-курс студенті Зухра Сайдулла ұлттық ойында қарсыластарын басып озып, қола жүлдені ұтып алды.

Бүгінге дейін студенттер арасындағы дүбірлі додада ҚазҰУ құрама командасы шахматтан I орынды, ерлер арасындағы 4х100 эстафета сайысында II орын, қыздар арасында ядро лақтыру жарысында I орынды ұтып алды.

Универсиада ойындарының барша жеңімпаздары тамыз айында Қытайдың Чэнду қаласында спорттың 10 түрі бойынша ұйымдастырылатын XXXII дүниежүзілік универсиадаға жолдама алады. Сондай-ақ жүлдегерлер қыркүйек айында Түркістан қаласында өтетін II Түркі универсиадасына да қатысуға мүмкіндік алады.

Жас спортшыларымызды табысты жүлделерімен құттықтаймыз!

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі