2009 жылдың 22 қыркүйегінде шығыстану факультетінің корейтану кафедрасында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Көп ұлтты Қазақстан тілдерінің қатарындағы корей тілі» атты дөңгелек үстел өтті.
Осыған орай, корейтану кафедрасының студенттері «Қазақ тілі Қазақстанның мемлекеттік тілі» және «Қазақстандағы корей диаспорасының тілі корей тілі» атты тақырыптарға қабырға газетін дайындады.
2-4 курстардың студенттері Сабитова Сәуле, Маметова Амина, Аубакирова Тұрсынай, Жалимбетова Әлия, Хан Юлия тақырыпқа байланысты дайындаған өз баяндамаларын оқыды. «Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студентінің баяндамасына ерекше көңіл бөлінді. Ол Қазақстан ұлттарының тарихи тілін тарихи оқиғалармен байланыстырып сипаттап берді. Қазақстан корейліктері үшін корей тілінің жойылу мәселесі жайлы, Қазақстандағы корей диаспорасының тарихын айырып көрсетті. Студенттер пікірталасты қолдап, корей тілінің мемлекеттік тілмен ұқсас екендігін айтты.
Төменгі курстың студенттері де үлкен курстардан қалыспай, тілдің қоғамдағы рөлін, мемлекеттік тіл мәселесін талқылады.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, студенттер тіл туралы өлеңдер мен Қазақстан ұлттарының тілінде поэзиялық шығармалардан үзінділер оқыды.