БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


19.04.2012 "Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

«Біз» театры «Миллион раушан гүл» ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да да әр маусым сайын көпшілікке ой салар, өзінің мәнді де мағыналы спектакльдерімен жастардың жүрегіне жол тартқан «Біз» театрының жаңа репертуарын студент жастар үнемі күтіп жүреді. Құрылғанына алты жылдың көлемі болған «Біз» театры осы уақытқа дейін «Адаспаңдар», «Той», «Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр«Бағдаршам» сынды тәрбиелік маңызы зор спектакльдер мен «Ол көктем оралмайды» атты мелодрамалық қойылымын қойып, өз көрерменін жинап үлгерді. Кәсіби мамандардан емес, студенттерден құралған театр – жастардың ақылшысы, жақсылыққа жол бастаушы.


17.04.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
17 Сәуір 2012, 07:36
«Біз» театрының маусымашар жаңа қойылымы жастарды шынайы сезімді ардақтауға тәрбиелеуді көздейді - режиссер Ғалымжан Сайлаубеков

09.04.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

07 Сәуір 2012, 14:15

Алматыдағы сенбілікке Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 17 мыңнан астам адам қатысты

АЛМАТЫ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Болашақ бүгіннен басталады» акциясы аясында өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 17 мыңнан астам адам қатысты.


06.04.2012 "Нұрастана" республикалық жастар апталығы

Ұлттық университетте суперкомпьютер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде суперкопьютерлік орталық құрылысы аяқталды. Оны Ресейдің «Т-Платформы» суперкомпьютерлерін жобалаушылар жүргізді.


02.04.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

Жоғары мектептегі тәрбие: орындалатын тапсырма

31.03.12.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында адам капиталы сапасын арттыруды қамтамасыз етуге баса назар аударды. Білім беру жүйесінің алдына нақты тапсырмалар қойылды. Атап айтқанда, бұл оқыту үдерісінің тәрбиелік мәнін күшейту, білім беру саласының барлық мекемелерінде жастар бойына мемлекеттік құндылықтарды сіңіруді қамтамасыз ету міндетінен көрініс тапты.


29.03.2012 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

28 Наурыз 2012, 23:34

Алматыда жас ғалымдардың ғылыми оқулары өтеді

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 30-ы күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінде танымал шығыстанушы Вениамин Юдинді еске алуға және Қазақстан Республикасының шығыс әлемімен орнатылған дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына арналған ХII жас ғалымдардың «Қазақстан және шығыс елдері: тарих және қазіргі заман» атты тақырыпта ғылыми оқулар өтеді.


12.03.2012 "Дала мен қала" республикалық қоғамдық-саяси басылым

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ

Үстіміздегі жылы еліміздің биік мәртебелі Біріккен ұлттар ұйымына толыққанды мүше болғанына жиырма жыл толып отыр. Халқымыз үшін саяси-әлеуметтік маңызы орасан осынау мерейлі оқиғаның өткен жылы аталып өтілген тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығының қисынды жалғасы болуының бейнелік мәні бар. Иә, тарих өлшемімен алып қарағанда, бұл айтарлықтай көп уақыт емес. Жиырма жыл ішінде елімізде өте ауқымды оқиғалар орын алды. Қазақстан өз тәуелсіздігін ресми түрде бұрынғы кеңестік республикалар арасында ең соңынан, 1991 жылдың 16 желтоқсанында жариялады. Осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің тәуелсіздігіміз үшін күрестің ең күрделі де жауапты кезеңі 1991 жылы дербестігімізді алғаннан кейін барып қана басталды» деп жазған болатын. Ұлы істің сыншысы – Уақыт. Жасампаздық, еңбек, тұрақтылық, бірлік пен татулық арқасында дербестігімізді сақтап қалдық. Ғалым МҰТАНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор


12.03.2012 "kz inform" ақпараттық портал

В Казахстане стартует проект по подготовке преподавателей вузов естественнонаучных и технических дисциплин
11.03.2012 22:52

Алматы (Алма-Ата) - 11 марта /KZinform/. Университет проводит трехдневный международный семинар-тренинг «Казахстанско-Индо-Американский проект по подготовке и переподготовке преподавателей вузов естественнонаучных и технических дисциплин», сообщает пресс-служба КазНУ.


22.02.2012 "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

22 ақпан 2012 ж

Баян ЕРМЕКБАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, Еуразия экономикалық академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Қазақстан дағдарыстан қорықпауы керек

- Баян Жүндібайқызы, Елбасы Н.Назарбаев әр жылы Қазақстан халқына Жолдау арнап келе жатқаны мәлім. Ал енді сол жолдаулардың нәтижелері туралы маман ретінде не айтар едіңіз?
- Егеменді ел болған алғашқы күндерімізден бастап, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, тәуелсіздіктің тұғыры экономикада екенін айтып келеді. Экономика - тәуелсіздіктің діңгегі, экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егеменді ел де бола алмаймыз. Алып мемлекет - КСРО-ның тарап кетуінің себебі де дұрыс басқарылмаған экономиканың нәтижесі десек, артық айтқандығымыз емес. Ал егемендіктің алғашқы жылдары экономика саласында бір қоғамнан екінші қоғамға ауысу жағдайын бастан кешірдік. Нарықтық экономика бізге жат құбылыс болған еді, тәжірибеміз жоқ, экономиканың қызмет ету тетіктерін білетін мамандар да болмады. Алдымызда «қайда барамыз, қалай барамыз, мақсатымыз не, жолымыз қайсы?» деген сұрақтар тұрды.


22.02.2012 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

22 Ақпан 2012, 19:27

Алматыда тұңғыш рет студенттер арасында «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық ойыны өтеді

АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда тұңғыш рет 24 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойыны өтеді.