- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
30.05.2011 “ҚазАқпарат” Ұлттық ақпарат агенттігі
28.05.2011 / 14:27
Алматыда Ғ.Есімнің «Социализм - күнә және кінә туралы роман» атты кітабының таныстырылымы өтті
АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің «Социализм - күнә және кінә туралы роман» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Белгілі философ, жазушы Ғарифолла Есімнің ұзақ жылдарғы ой-толғаныс, ізденісінен туған «Социализм» атты романы философиялық проза желісімен жазылған. Социализм туралы теориялық мəселелермен автордың өмірбаяндық сюжеттері үйлесімді шешім таба отырып, кінə мен күнə туралы хикаялар баяндалған. Социализм утопия емес, миллиондардың өмірі мен тағдыры болғаны туралы баяндайтын естелік-хикаялар оқырманға ерекше əсер қалдыратын əрі ойландыратын, мағыналары терең көркем шығармалар.
30.05.2011 “ҚазАқпарат” Ұлттық ақпарат агенттігі
28.05.2011 / 11:15
ҚазҰУ-де Түлектер күні атап өтілуде
АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің күні аталып өтілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түлектер қауымдастығы әр жылдағы университет түлектерін 28 мамырда ҚазҰУ қалашығында өтетін жалпы университеттік Түлектер күніне шақырған.
Еліміздегі беделді жоғары оқу орнының тарихында бұл тағы бір тың бастама болып отыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімімен бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде тойланбақ.
28.05.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
27.05.2011 / 19:38
Ұстаз беделін арттыру үшін педагогика мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысын екі есе арттыру керек - ҚР Білім және ғылым министрі
АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - /Әділет Мұсахаев/ Еліміздегі педагогикалық кадрлар дайындайтын білім ордаларының санын қысқартып, олардың ең негізгілерін, нағыз үздіктерін ғана қалдыру қажет.
Бұл жайында ҚР Білім және ғылымминистрі Бақытжан Жұмағұлов бүгін Алматыда ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу барысында айтты.
28.05.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
27.05.2011 / 19:28
Ұлттық зерттеу университеті атағына лайықталған оқу орындарының бюджетіне Үкіметтен қосымша 2 миллиард теңге бөлінеді - Б.Жұмағұлов
АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат (Әділет Мұсахаев) - Мұндай оқу ғимараттарының бой көтеруі, университеттің дамуы, жаңа мақсаттардың барлығы Елбасының тапсырмасымен ғылымды, білімді дамытуға жасалынып жатқан игі шаралар деп білемін.
Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚазҰУ қалашығында ашылған Механика-математика факультетінің жаңа оқу ғимаратымен және университетте атқарылып жатқан инновациялық жобалармен танысу барысында осылай айтты.
27.05.2011 "Қазақ әдебиеті" Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті
27.05.2011
«Жез қоңырау» жарыққа шықты
Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіндегі әйгілі М.Әуезов атындағы оқу залында тұңғыш рет жарық көріп отырған студент жастардың тырнақалды көркем шығармаларының «Жез қоңырау» атты студенттер жинағы 2 томдық болып оқырман қолына тиді.
Бұл шығармашылық жоба университет ректоры, академик, әдебиет пен өнердің үлкен жанашыры Ғалымқайыр Мұтановтың жастарға деген қамқорлығын көрсететін және ректордың тікелей қаржылық қолдауымен жүзеге асқан игілікті шара.
27.05.2011 «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет
27 мамыр, 2011
«Бекмаханов оқулары» басқаша өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті Бекмаханов оқуларын өткізудің қалыптасқан жүйесінен бас тартып, оны жаңа сипатта ұйымдастыруды көздеп отыр.
Өйткені, біріншіден, уақыт талабына және «Ғылым туралы заңға» сай Республика бойынша білім беру және мамандар даярлаудың жаңа жүйесіне көшуі кәсіпқой тарихшылардан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруді талап етіп отыр. Екіншіден, кеңестік кезеңнен қалған Қазақстанның тарих ғылымын түбегейлі қайта құру арқылы қазіргі эмпирикалық деңгейден теориялық деңгейге көтеру де кезек күттірмейтін мәселе болып табылады. Үшіншіден, уақыт бізден замануи талапқа сай келетін тарихшы зерттеушілердің жаңа буын өкілдерін, яғни теориялық дайындығы терең кәсіби мамандар даярлауды қажет етіп отыр. Осылар және басқа да факторлар бізден ғылыми конференциялар өткізудің жаңа және тиімді жолдарын іздестіруді талап етеді.
Кезекті Бекмаханов оқуларын жаңаша өткізудегі мақсат, тарих ғылымының ең өзекті бірнеше макропроблемалары бойынша еркін пікір алмасу арқылы, бүгінгі Қазақстан тарих ғылымының реальды жағдайы мен нақты теориялық-методологиялық проблемаларын айқындау және мүмкіндігінше оларды шешу жолдарын іздестіру.
27.05.2011 "Новое Поколение" Республикалық газеті
26.05.2011 г.
Анна Шелепова
В эту субботу КазНУ имени аль-Фараби приглашает всех своих выпускников на глобальную общеуниверситетскую встречу.
28 мая впервые в истории Казахского национального университета имени аль- Фараби состоится общеуниверситетский День выпускников. Инициатором мероприятия выступила Ассоциация выпускников университета. Встреча станет традиционной и, как ожидается, будет проходить ежегодно в последнюю субботу мая.
26.05.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
25.05.2011 / 17:59
Кореялықтар IT-технология саласында бірқатар жобаларды Қазақстанмен бірігіп жүзеге асыруды ұсынып отыр
АЛМАТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Оңтүстік Кореядан келген делегацияны қабылдады. Олардың қатарында BLUE COP SECURITY & SYSTEM компаниясының өкілі Джо Хан Бон (Jo Han Bong), Jipyung +2 International CO.,Ltd компаниясының өкілі Парк Янг Мим (Park Young Min) бар. Оңтүстік Кореядан келген қонақтар IT-технология саласында бірігіп жүзеге асырылатын жобаларды ұсынды.
26.05.2011 «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
26.05.2011 / 16:19
Тарихшылар қазақ тарихының 20 томдығын шығаруды көздеп отыр
АЛМАТЫ. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде «Бекмаханов оқулары -2011» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның аясында «Қазақстан тарихы ғылымының теориялық-методологиялық мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында тарихшылар тақырып аясында пікір алмасып, өзара ойларымен бөлісті. Олардың қатарында Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, тарих факультетінің деканы Жәкен Таймағамбетов, ҚазҰУ профессорлары Талас Омарбеков, Қамбар Атабаев, Қалқаман Жұмағұлов және тағы да басқа тарихшылар қатысты.
25.05.2011 "Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет
25.05.2011
ҚазҰУ түлектерін шақырады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихында тұңғыш рет жалпыуниверситеттік деңгейде Түлектер күні аталып өтпек. Дәстүрге айналғалы тұрған бұл шара мамыр айының соңғы сенбісінде тойланады. Бұл мереке ҚазҰУ түлектері қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Биыл «ҚазҰУ түлектерінің күні» мамыр айының соңғы сенбісі – 28 мамырға сәйкес келеді.
125 мыңнан астам жасты қанаттандырып, білікті маманға айнадлырған ҚазҰУ қандай құрметке де лайық. Мереке күні қарашаңырақтың әр жылғы түлектері студенттік карпуста бас қосып, төл университеттерімен қауышады.Той әл-Фараби ескерткішіне және Ө.А.Жолдасбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталмақ. Бұл күні университет түлектері мен киелі білім ордасының қонақтарына арналып Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында мерекеннің салтанатты ашылуы өтіп, концерттік қойылымда ұсынылады.