- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
05.04.2011 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Выборы Президента РК прошли в строгом соответствии с законом - РОО
АЛМАТЫ. 4 апреля. КАЗИНФОРМ /Айгуль Турысбекова/ - Выборы Президента РК прошли в строгом соответствии с законом. Об этом сегодня в Алматы заявил сопредседатель республиканского общественного объединения «Юристы - за справедливые выборы», декан юридического факультета КазНУ им. аль-Фараби профессор Даулет Байдельдинов.
05.04.2011 "Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
Победа Президента РК закономерна - проректор КазНУ им. аль-Фараби Ш.Джаманбалаева
АЛМАТЫ. 4 апреля. КАЗИНФОРМ /Сара Мустафина/ - Третьего апреля т.г. состоялись четвертые президентские выборы в истории независимого Казахстана.
Каждые выборы Главы государства имели свои отличительные черты и были определенной вехой в истории демократического развития страны. Об этом корреспонденту Казинформа сказала проректор КазНУ им. аль-Фараби, доктор социологических наук, профессор Шолпан Джаманбалаева.
01.04.2011 “Егемен Қазақстан” Жалпыұлттық республикалық газет
1-сәуір, жұма, 2011 жыл
160 грант, 37 студентке – 25 пайыз жеңілдік
ҚазҰУ қазақстандықтарды президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Жолдауы аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы” тақырыбында оқытушылар мен студент жастардың активі өтті.
Жиынға университет студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы, куратор-эдвайзерлер мен Жастар ұйымдары және ҚазҰУ кәсіподағы, ақсақалдар алқасы қатысты.
ҚазҰУ ұстанып отырған басты бағыт – Елбасы жолдауында айтылғандай, - екі үздік университет әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орнындары қатарына кіру, бес пайызы инновациялық қызмет пен ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу. Осы орайда, активте ҚазҰУ-дың Корпоративтік мәдениет кодексі, ҚазҰУ Студентінің ар-намыс кодексі сияқты құжаттар қабылданды. “Мұндай Кодекстің қабылдануы жоғары оқу орындарында Жолдау жүктеген әлеуметтік жаңғыру бастамасын жүзеге асырып, корпоративті идеология мен корпоративті мәдениетті дамытуға негіз болады”, - дейді ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов. Сонымен қатар ректор бұл құжаттар өз кезегінде ҚазҰУ-дың жаңа ұстанымы – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу жолында биікке жетелейтіндігін, әлеуметтік жаңару идеологиясында адам капиталын дамытудың басты құндылығы екендігін айтты.
01.04.2011 “Президент және халық” Республикалық қоғамдық саяси газет
1-сәуір, жұма, 2011 жыл
Әлеуметтік жаңғыру қадамдары – адам капиталын дамытудан басталады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Жолдауы аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік жаңаруы” тақырыбында оқытушылар мен студент жастардың активі өтті.
Жиынға университет студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы, куратор-эдвайзерлер мен Жастар ұйымдары және ҚазҰУ кәсіподағы, ақсақалдар алқасы қатысты.
Активта шара қатысушылары қазақстандық жоғары оқу орындарының ел модернизациядағы орны мен рөлін талқылды. Сондай-ақ, Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары, студент жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту мен әлеуметтік белсенділігі, студенттерге әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету мен әлеуметтік инновациядағы ҚазҰУ куратор-эдвайзер мектебінің үлесі сияқты өзекті тақырыптар да назарға алынды.
01.04.2011 "Ана тілі" газеті
Түркітілдестердің Біріккен (Ұйғыр) қағанаты
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қадір-қасиетіне жету үшін бірнеше ғасырлар бойы әртүрлі атпен өмір сүрген ежелгі түркілер қағанаттарының күйреу себептерін түсініп алуымыз керек. Түркі мемлекеттігінде мызғымас дәстүрге айналған Ашына әулетінен хан сайлау жүйесін ұйғырлардың Яғлақар тайпасының көсемі Құл-бойла (Л.Гумилевте – Пейло) келмеске жіберді. Ол 745 жылы тақта отырған Басмыл тайпасының ханының басын кесіп алып, Тан императорының астанасы Чананьға жіберді және өзін Құтлық Білге деген лауазыммен хан ретінде мойындауды ұсынды. Тақтан қуылған Ашына әулетіне ілескен түріктердің бір бөлігі қытайға қашып, ақыры сонда табғачтарға араласып, ассимиляцияға ұшырап, жойылып кетті. Яғлақар тайпасы бастаған Онұйғыр рулары тарихи сананы мүлде жойып жіберу үшін Ашына әулетінен қалған тарихи ескерткіштерді талқандауға кірісті. Осы зобалаңның барысында атақты Күлтегіннің де мүсіні талқандалып, оның басы денесінен бөлініп қалды. Осындай бүліншілікке басқа түрік ақсүйектерінің мүсіндері де ұшырады. Адамзат үшін аса құнды асыл мұралар осылайша надандықтың құрбандығына айналды. Яғлақар ақсүйектері кезінде өздері бағынышты болып бас иген және өздеріне бауырлас түркітілдес халықтарды қудалауға түсірді. Енді мемлекет атауы болып келген «Түрік» этнонимін «Ұйғыр» этнонимі ауыстырды.
01.04.2011 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
Әлем халықтарының 90 пайызы дінге деген сенімін білдірген - профессор А. Құлсариева
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Мемлекет пен дін қарым-қатынасы модельдерін жасау жолындағы ізденіс» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өтіп жатыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Ақтолқын Құлсариева әлем халықтарының 90 пайызы дінге деген сенімінің бар екендігін және ол өмірінде өте маңызды рол атқаратындығын білдірген дейді. «Біз зайырлы мемлекетпіз, бұл дін қажет емес деген сөз емес. Өйткені дін бұрында болған және бола береді. Олай болатын болса діндегі болып жатқан үрдістерді, дінге жастардың ағылу үрдісін және тағы басқа да болып жатқан құбылыстарды сараптап оның психологиялық, рухани негіздерін, ұлтық қауіпсіздігімізге тигізетін әсерін жан-жақты қарамай қоғамды, ұлтты жаңғырту жолында дұрыс бағытты көрсете алмаймыз», -деп атап өтті А.Құлсариева.
29.03.2011 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
ҚазҰУ-да "Студенттік көктем - 2011" көркемөнерпаздар байқауы басталды
АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Студенттік көктем - 2011" көркемөнерпаздар байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі.
29.03.2011 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
ҚазҰУ ректоры 160 студентке ақысыз білім беру сертификатын табыстады
АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше ҚазҰУ ректоры мемлекеттік білім беру гранты байқауынан өткен 160 студентке және университетте ақылы негізде үздік оқып жүрген 37 студентке төлемақысына 25 пайызжеңілдік беретін сертификаттар табыс етті.
26.03.2011 "Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі
ҚазҰУ құрамасы мен Алматы қаласының құрамасы арасында бокстан жолдастық кездесу өтуде
АЛМАТЫ. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Отан» ХДП Бостандық аудандық филиалы, ҚазҰУ спорт клубы және «Достар» қайырымдылық ұйымының жүлдесі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрамасы мен Алматы қаласының құрамасы арасында бокстан жолдастық кездесу өткізуде.
18.03.2011 "Литер" Республиканская ежедневная газета
Победительница республиканского конкурсаораторского искусства на японском языке получила грант на поездку в Японию
Несмотря на природные катаклизмы, которые беспощадным образом обрушились на Страну восходящего солнца, посольство Японии в РК не отменило проведение ежегодного ХІІІ Республиканского конкурсаораторского искусства на японском языке.
По мнению организаторов – посольства Японии в РК, Казахстанской ассоциация преподавателей японского языка и кафедры японоведения КазНУ им. Аль-Фараби – все большую распространенность приобретают конкурсы ораторского искусства среди молодежи. Состязания в способностях ярко и доходчиво доносить свои мысли до любой аудитории стали чрезвычайно актуальными. Воспитание патриотизма у казахстанской молодежи, проблемы отцов и детей, языковая политика в нашей стране, выбор профессии, проблемы экологии – вот тематика выступлений конкурсантов. Кстати, в конкурсе принимали участие 13 студентов из КазНУ им. Аль-Фараби, КазУМО и МЯ им. Абылай хана и Казахстанско-японского центра развития человеческих ресурсов (Астана).