Бөлімдер

Кафедра туралы

Құжаттар

Кафедра туралы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының 2009 жылғы 10 ақпандағы №20 бұйрығына және Университеттің Ғылыми кеңесінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №4 шешіміне сәйкес кафедра «ЖОО-ға дейінгі даярлық кафедрасы» болып қайта аталып, жаңа бағыт бойынша өз қызметін бастады.

ЖОО-ға дейінгі даярлық кафедрасының негізгі міндеттері:

  • тыңдаушыларды жетілдірілген оқу үдерісі арқылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында білім алуға және кешенді тестілеуге дайындау;
  • мемлекеттік тілде алған білімдерін жүйелеу, негізгі ұғымдарды терең меңгерту және жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға қажетті білім қорын толықтыру;
  • тыңдаушылардың қазақ тіліндегі кәсіби-оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Кафедра қызметінің негізгі мақсаты – тыңдаушыларды кешенді тестілеуге сапалы даярлау.

Осы мақсатта кафедрада кешенді тестілеудің негізгі пәндері бойынша (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы), сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша (математика, география, химия, физика, биология, информатика, дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі) дайындық жүргізіледі.

Сонымен қатар кафедра шетелдік тыңдаушыларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасына түсуге дайындайды.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары – ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысу, сондай-ақ білім беру үдерісінің сапасын үздіксіз жетілдіру.